AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Медицина Бүгін 14:47 36
Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді
Алматы әкімдігі

Ата-анасы ұлдарына Омар, Мирас және Мүслім деп ат қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың басынан бері Алматыда 603 егіз және алты үшем дүниеге келді. Солардың бірі - жуырда №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үш ұл. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

27 жастағы алматылық келіншек бірден үш ұлдың анасы атанды. Осылайша, отбасындағы ұлдардың саны төртке жетті. Үшемдердің төрт жастағы ағасы бар.

Жүктілік трихориалды триамниотикалық түрде өткен. Яғн, әр сәбидің жеке плацентасы мен ұрық қабы болып, үшеуі бір-бірінен бөлек дамыған. Сәбилер кесар тілігі арқылы дүниеге келді.

Нәрестелердің салмағы 1740 грамнан 1978 грамға дейін, ал бойы 34-37 сантиметр аралығында болды. Ата-анасы ұлдарына Омар, Мирас және Мүслім деп ат қойды.

Дүниеге келгеннен кейін сәбилердің біріне алғашқы күндері қарқынды респираторлық қолдау қажет болды. Ол екі күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір үш нәресте де СИПАП-терапия алып жатыр және дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Мамандар олардың жағдайында оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Үшемдердің анасы ұлдарын алғаш көрген сәт ерекше толқынысқа толы болғанын айтады.

«Балаларымды алғаш көргенде қатты уайымдап, жылап жібердім. Өйткені олар өте кішкентай әрі әлсіз көрінді. Бірақ орталық қызметкерлері маған үлкен қолдау көрсетті. Олар медициналық көмекпен қатар, психологиялық тұрғыдан да демеу болды. Дәрігерлер мен орталықтың барлық қызметкеріне қамқорлығы, ықыласы және қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді ол.

Сәбилер №2 қалалық перинаталдық орталық мамандарының тұрақты бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:10

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы»: тағылымды тележобаның түсірілімі басталды

Бүгін 14:36

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);