Алматы қаласының прокуратурасы «Zhetysu» көлік-логистикалық орталығын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаның құқықтық сүйемелдеуін қамтамасыз етті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жобаны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ-мен бірлесіп «Kazakh-ChineseTrade and Logistics Company (Almaty) Ltd.» жеке компаниясы іске асыруда (жобаның құны 32,5 млрд. теңге, 130 жұмыс орнын көзделген).
Инвестор жер учаскесінің нысаналы мақсатын уақтылы өзгерту проблемасына тап болды. Бұл мәселенiң шешiлмеуi мемлекеттiк сараптамадан өтуге кедергi келтiрдi және жобаны iске асырудың белгiленген мерзiмдерiне қауіп төндiрдi.
Прокурорлық сүйемелдеу шеңберінде осы проблеманы шешу шаралары қабылданды.
Нәтижесінде инвесторлар жердің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы алды, бұл инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қала прокуратурасы Алматыда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мәселелерін бақылауда ұстауды жалғастыруда.