Қазақстанда 2026 жылғы 20–30 қыркүйек аралығында әйелдер денсаулығы туралы хабардарлықты арттыру онкүндігі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Іс-шара 20 қыркүйекте атап өтілетін Дүниежүзілік гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардарлық күніне орайластырылған.
Онкүндіктің басты мақсаты — әйелдердің гинекологиялық қатерлі ісіктер, олардың қауіп факторлары және ерте диагностика мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру. Негізгі үндеуі - өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз: профилактикалық тексерулерге уақыт бөліп, дәрігерге уақтылы жүгіну маңызды.
Онкүндік аясында 2026 жылғы 26 қыркүйекте еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді.
Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін әйелдер онкологтың тегін консультациясын алып, бастапқы тексеруден өте алады. Сондай-ақ профилактика жөнінде ұсынымдар алып, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қосымша тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі.
Қабылдауды жетекші онкогинекологтар жүргізеді. Әйелдер жасына және тұрғылықты жері бойынша тіркелуіне қарамастан қабылданады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Дәрігерлер етеккір циклінің бұзылуы, іштің төменгі бөлігінің ауыруы мен ауырлық сезімі, іштің кебуі, әдеттен тыс бөлінділер, себепсіз шаршау және салмақ жоғалту сияқты белгілерге ерекше назар аударуға кеңес береді. Бұл белгілер міндетті түрде қатерлі ісікті білдірмейді, алайда тексеруді қажет етеді.
Денсаулығыңызды тегін тексерту мүмкіндігін пайдаланыңыз. Ерте диагностика - онкологиялық аурулармен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.
№ | ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ |
1. | Алматы қ. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 91 8(727) 310-90-23 |
2. | Астана қ. «Астана қаласы әкімдігінің Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК Мекенжайы: Астана қ., Манас көш., 17 Анықтама телефондары: 8(7172)57-96-00, 57-96-01, 57-96-03 |
3. | Алматы қ. Мекенжайы: Алматы қ., Папанин көш., 220А, А литері, 1-қабат Анықтама телефоны: 8(727) 312-24-74 |
4. | Алматы облысы «Алматы өңірлік көпбейінді клиникасы» (АӨКК) Мекенжайы: Алматы қ., Роза Бағланова көш., 69а Анықтама телефоны: 8 (727) 261-39-52, Call-центр 8 (727) 227-52-96 |
5. | Шымкент қ. «Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана» Мекенжайы: Шымкент қ., Байтұрсынов көш., 85а Анықтама телефондары: 8(7252) 92-21-15, 8(7252) 92-21-11 |
6. | Ақмола облысы / Көкшетау қ. «Көпбейінді облыстық аурухана» Мекенжайы: Көкшетау қ., Ақан Сері көш., 1в (онкополиклиника) Анықтама телефоны: 8(7162) 33-04-94 |
7. | Ақтөбе облысы «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Медицина орталығының КДО Мекенжайы: Ақтөбе қ., Жаңа Қоныс шағын ауд., 8, КДО Анықтама телефоны: 53-42-20 |
8. | Жетісу облысы / Талдықорған қ. «Облыстық көпбейінді клиника» Мекенжайы: Талдықорған қ., Абай көш., 316, №1 емхана корпусы Анықтама телефоны: 8(7282) 40-10-55 |
9. | Атырау облысы «Атырау облыстық онкологиялық диспансері» Мекенжайы: Атырау қ., Владимирский көш., 2 (емхана бөлімі) Анықтама телефондары: 8(7122) 95-67-40 8(7122) 95-67-37 8702 186 61 38 |
10. | Батыс Қазақстан облысы / Орал қ. ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК Мекенжайы: Орал қ., Алматы көш., 58 Анықтама телефоны: 8(7112) 91-80-52 |
11. | Қарағанды облысы ШЖҚ «№3 көпбейінді аурухана» КМК Мекенжайы: Қарағанды қ., Қ. Аманжолов көш., 189 Анықтама телефондары: 8(7212) 94-05-33, 8 778 021 05 05 |
12. | Қызылорда облысы ШЖҚ «Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» КМК Мекенжайы: Қызылорда қ., Берке хан көш., 49А (бұрынғы модульдік инфекциялық орталық) Анықтама телефоны: 8 778 152 20 95 Эл. пошта: skdo_kzo@bk.ru |
13. | Қостанай облысы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК Мекенжайы: Қостанай қ., Кубеев көш., 2 (жаңа емхана) Анықтама телефондары: : 8(7142) 52-40-77, 73-03-22, +7 775 030 91 47 |
14. | Маңғыстау облысы / Ақтау қ. ШЖҚ «Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері» МКК Мекенжайы: Ақтау қ., 1А шағын ауд., №3 ғимарат Анықтама телефоны: 8 771 308 43 14 |
15. | Павлодар облысы ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК Мекенжайы: Павлодар қ., Российская көш., 57/3, А корпусы Анықтама телефондары: 8(7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91 |
16. | Солтүстік Қазақстан облысы / Петропавл қ. МОБ «Онкологиялық орталық» Мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов көш., 133 (емхана) Анықтама телефондары: 8(7152) 46-60-08, 52-65-53 |
17. | Абай облысы / Семей қ. «Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығы» Мекенжайы: Семей қ., Құтжанов көш., 3 Анықтама телефондары: 8(7222) 69-42-16, +7 702 075 07 80 |
18. | Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ. «Онкология және хирургия көпбейінді орталығы» Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көш., 6, 1-корпус, КДО Анықтама телефондары: 8(7232) 20-89-97, 8 771 944 48 08 |
19. | Ұлытау облысы / Жезқазған қ. «Көпбейінді облыстық аурухана» Мекенжайы: Жезқазған қ., Иманжан көш., 11, 1-қабат, №101 және №111 кабинеттер Анықтама телефондары: 8(710) 277-31-50, 8 771 283 83 38 |
20. | Жамбыл облысы / Тараз қ. «Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері» Мекенжайы: Тараз қ., Әулие Ата шағын ауд., №8 үй (Красная звезда ауылының қарсысында) Анықтама телефоны: 8 702 365 39 28 |
21. | Түркістан облысы «Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы» Мекенжайы: Шымкент қ., Құрманбеков көш., 2/6 Анықтама телефоны: 8(7252) 40-72-01 |