Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылда балаға сыйлық таңдағанда қандай мәселег...

Жаңа жылда балаға сыйлық таңдағанда қандай мәселеге назар аударған дұрыс

Әлеумет 12.12.2022, 14:30 1,371
Жаңа жылда балаға сыйлық таңдағанда қандай мәселеге назар аударған дұрыс
Сурет: Ашық дереккөз

Кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта немесе қаптамада көрсетілген температура режимі бар бөлмеде сақтау керек


Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңажылдық сыйлыққа қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңажылдық сыйлықты дүкен, супермаркет, бөлшек және көтерме сауда базары секілді ұйымдастырылған сауда орындарынан алу қажет.



«Сыйлықты сатып аларда, ең алдымен, оның мазмұнына назар аудару қажет. Жаңажылдық сыйлықтарда тез бұзылатын өнімдер болмау керек. Тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (E200, E202, E210, E249), синтетикалық бояғыштар, табиғи секілді хош иістендіргіштер, гидрленген майлар мен тоң майлар, сондай-ақ табиғи кофе болмауы керек. Табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштер құрамына рұқсат етіледі. Әр сыйлықта өнім туралы мемлекеттік және орыс тілінде ақпаратты қамтитын анық, оңай оқылатын белгі (затбелгі) болуы керек», - делінеді ведомство хабарламасында.



Кондитерлік өнім таңбасында мынадай ақпарат болуы тиіс:


өнімнің атауы;


дайындаушының өз аумағында тұтынушылардан шағым қабылдауға уәкілетті дайындаушының атауы және орналасқан жері (бар болса);


нетто салмағы;


дайындаушының тауар белгісі (бар болса);


өнімнің құрамы;


тағамдық құндылығы;


сақтау шарттары;


жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі (карамель үшін және драже);


өнім жасалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттың белгіленуі;


сәйкестікті растау туралы ақпарат.


Жаңажылдық тәтті сыйлықты таңдағанда, қаптаманың беріктігіне назар аудару керек.


Мазмұны, кәмпиттер мен басқа да тәттілер сыртқы әсерлерден жақсы қорғалуы керек, қаптама мықтап жабылуы керек, мыжылған немесе деформацияланбаған болуы тиіс.


Кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта немесе қаптамада көрсетілген температура режимі бар бөлмеде сақтау керек.


«Егер жұмсақ ойыншық сыйлағыңыз келсе, бұл ойыншықта қатты немесе өткір бөгде заттар болмауы керек. Жұмсақ толтырылған ойыншықтың тігістері берік болуы керек. Сонымен қатар, таңбалау тұтынушы қаптамасына немесе ойыншықпен бірге жүретін төсемге жазылуы керек.


Таңбалау анық, жақсы көрінетін, өшірілмейтін болуы тиіс және онда: ойыншықтың атауы мен жас ерекшелігі, дайындаушы кәсіпорынның атауы, оның мекенжайы, жасалған күні, қауіпсіз пайдалану жөніндегі ескерту жазбалары болуы тиіс.


Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарды дайындау үшін шыны мен түкті материалдарды қолдануға жол берілмейді.


Ойыншықтардың құрамында тез тұтанатын материалдар, қатты немесе өткір заттары бар толтырғыш материалдарды (шеге, ине, металл жоңқалар, шыны сынықтары және т. б.) қолдануға жол берілмейді.


Ойыншықтардың пішіні дұрыс, беті тегіс, өткір, кесетін жиектері, бұралуы және ойықтары болмауы керек», - деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #сыйлық #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келесі жылдан бастап ҰБТ бір рет өтеді

Бүгін 16:08

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті

Бүгін 14:44

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді

Бүгін 14:18

Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Бүгін 14:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

Бүгін 13:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика