AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқылан...

Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқыланды

Алматы Бүгін 10:22 49
Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқыланды

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада Мемлекет басшысының Жолдауын талқылаған «Жаңа тарихи кезең: үміт, сенім және жасампаздық» атты «дөңгелек үстел» өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алғашқы болып сөз алған «Тұран» университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Гүлнар Абрахматова Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуы жалпыұлттық жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

– Ел дамуына қатысты бастамаларды жүзеге асыру тек мемлекеттік қызметшілердің немесе белгілі бір мекемелердің міндеті ретінде қарастырылмауы керек. Керісінше, туған елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат ортақ іске өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет. Жолдаудың мазмұнын терең түсініп, онда көзделген мақсаттарды іске асыруға белсенді атсалысу маңызды, – деді Гүлнар Абрахматова.

Бұдан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, Алматы қаласы бойынша Денсаулық сақтау және білім беру сарапшылар кеңесінің төрағасы Эльмира Әуезова «дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің тақырыбына арқау болған үш ұғымның – үміт, сенім және жасампаздықтың мазмұнын Жолдаудағы негізгі идеялармен байланыстыра талдады.

– Бұл ұғымдарды жеке-жеке қарастырып қана қоймай, олардың бір-бірімен сабақтастығына назар аударуымыз керек. Үміт – болашаққа деген сенімнің бастауы, сенім – алға қойған мақсатқа жетелейтін күш, ал жасампаздық – сол мақсатты нақты іске айналдыратын әрекет. Президент Жолдауында ұсынылған бастамаларды жүзеге асыру үшін айқын мақсат пен жүйелі жұмыс қажет, – деді Эльмира Әуезова.

Келесі кезекте «PROFEXSPERT» компаниясының бас директоры, Қоғамдық кеңес сарапшысы Руслан Қалиоллаев сөз алып, мемлекеттің өркендеуі әр саланың сапалы жұмысына және азаматтардың кәсіби жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтты.

– Президент белгілеген міндеттерді орындауда немқұрайлылыққа жол бермей, әркім өз саласында білікті әрі адал қызмет етуі керек. Заңға бағыну, адалдық қағидаттарын сақтау және еңбекке жауапкершілікпен қарау – дамыған қоғамның басты көрсеткіштері. Әр азамат өз міндетін мінсіз атқарған жағдайда ғана елдің бәсекеге қабілеттілігі артып, алға қойған межелерге қол жеткізуге болады, – деді Руслан Қалиоллаев.

Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әсел Әбдікәрімова да Жолдаудағы құқықтық бағыттарға тоқталып, әсіресе заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне басымдық берді.

Ал Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының аға инспекторы, азаматтық қорғау капитаны Ербол Әнуарбеков заманауи технологиялар мен құрылыс саласына қатысты міндеттерге назар аударды. Сонымен қатар азаматтық қорғау саласының өкілі ретінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және түрлі қауіп-қатерлерге дайындық мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Кездесуге Алматы технология және флористика колледжінің студенттері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен жас өрт сөндірушілері қатысты. Бұл өз кезегінде аға буын өкілдерінің тәжірибесі мен кәсіби пайымдарын жас ұрпақтың танымымен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысының фермерлері Алматыға арзандатылған бағамен 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 10:16

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Бүгін 09:13

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 08:30

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);