AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа бағыт жүк тасымалын 10 есеге қысқартуға мүмкі...

Жаңа бағыт жүк тасымалын 10 есеге қысқартуға мүмкіндік береді

Әлеумет 25.04.2024, 11:03 1,016
Жаңа бағыт жүк тасымалын 10 есеге қысқартуға мүмкіндік береді
primeminister.kz

Қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапарындағы негізгі мәселелердің бірі – бірлескен көлік мүмкіндіктерін кеңейту. Қазақстан және Ауғанстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Абдулании Барадардың 24 сәуірде өткен кездесуінде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.


Атап айтқанда, қазақстандық тараптың трансауғандық дәлізді дамыту жобаларын: Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар және Герат – Кандагар – Спин-Булдак темір жолдарын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайындығы белгіленді. Жоба Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында жүктерді жеткізу уақытын 10 есеге қысқартуға, сондай-ақ жүктерді тасымалдау құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан темір жолдың жоғарғы құрылысына арналған материалдарды, өз өндірісінің шпалдары мен бекіткіштерін жеткізу арқылы трансауған магистралінің құрылысына қатысуға дайын.


Соңғы үш жылда Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттық тасымалдау көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: 2023 жылы темір жол арқылы тасымалдау көлемі 2,7 млн тоннаны құрады, оның 1,5 млн тоннасы – ұн және астық. Бұл 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14%-ға көп. Алдағы жылдарға арналған болжам – экспорттың 40%-ға ұлғаюы. Бұл ретте 2030 жылға қарай тасымалдардың 3 есе өсуі күтілуде.


Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан мен Ауғанстанның авиациялық билігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Тараптардың авиатасымалдаушылары аптасына 3 тұрақты жолаушылар жүк рейстерін орындауға құқылы. Қазақстандық тарап бұл мәселені Ауған авиакомпанияларынан өтінімдер түскен кезде қарауға дайын.


Өткен кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері экспорттық және транзиттік жобаларды таныстырды.




«Бүгінде Қазақстаннан Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан арқылы және одан әрі теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жаңа мультимодальды экспорттық бағыттарды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа бағыт KTZ Express-тің қатысуымен ұйымдастырылды. Экспорттаушы – қазақстандық Bio Synergy co, жүктерді жеткізу бойынша серіктес – пәкістандық National Logistics Cell (NLC). Қазіргі уақытта Павлодар облысында жүк тиеу басталды. Бұл – алюминий силикатты қуыс микросфера. Алматыда жүк контейнерлерге тиеліп, пәкістандық серіктес машиналарына ауыстырылады. Әрі қарай автокөлікпен Өзбекстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанның Карачи портына дейін жеткізіледі. Ол жерден екі контейнер теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жөнелтіледі», — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.



Оның айтуынша, жүктерді межелі жерге жеткізудің күтілетін мерзімі-шамамен 20-25 күн. Пилоттық жобаны сәтті іске асыру кезінде осы бағыттың белсенді дамуы және жаңа бағыт бойынша жүк ағынының едәуір көлемін тарту күтіледі.



Сол күні Серік Жұманғариннің Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Амир Муттакимен және сауда және өнеркәсіп министрі Нұриддин Азизимен кездесулері өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ауғаныстан #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы 30-дан астам базар жаңғыртудан өтті

Бүгін 09:07

Құрбан айт намазының уақыты жарияланды

Бүгін 09:05

16 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:32

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Кеше 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Кеше 18:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);