Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ әскери қызметкерлерге жәрдемақылар төлеу ереже...

ІІМ әскери қызметкерлерге жәрдемақылар төлеу ережесі әзірленді

Әлеумет 01.12.2022, 06:21 1,024
ІІМ әскери қызметкерлерге жәрдемақылар төлеу ережесі әзірленді
Сурет: Kapital.kz

Құжат 15 желтоқсанға дейін талқыланады.


Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 


Құжатта мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай қамтылымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтитыны жазылған.


Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.


Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.


Бұл ретте атқаратын лауазымдарын әскери қызметшілерге арналған лауазымдар санатының топтарына жатқызуға байланысты лауазымдық айлықақыларының, еңбек өтілінің, әскери атағы бойынша жалақысының мөлшері әскери қызметшілерге есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.



Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады.



Әскери бөлімдегі (республикалық мемлекеттік мекемедегі) комиссияның құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) енгізіледі.


Штатта қосарлы атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық айлықақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді.



Ережеде әскери қызметшіге ақшалай жәрдемақы және лауазымдық айлықақы төлеу тәртібін, ауырған, еңбек демалысында болған, сондай-ақ әскери қызметші қайтыс болған кезде ақшалай жәрдемақы төлеу тәртібі қарастырылған.



Сонымен қатар қызмет көрсетудің ерекше шарттары үшін сыйлықақы төлеу тәртібі жазылған.


Құжат 15 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #полиция #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09

Поляк фотографтары Алматыны әлемге объектив арқылы паш етіп жүр

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика