2026 жылы 9 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған «Жыр аққуы – Марфуға» атты шығармашылық кеш өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Марфуға Айтқожа – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, өзіндік қолтаңбасы мен ерекше лирикалық үні бар ақын. Оның шығармалары нәзік сезімге, терең толғанысқа, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен атамекенге деген сағынышқа толы. Ақын поэзиясында ұлттық рух, адам жанының сырлы сезімдері мен мәңгілік рухани құндылықтар кеңінен көрініс табады. Марфуға Айтқожаның шығармашылығы қазақ әдебиетінде айрықша орын алып, әр буын оқырмандарының жүрегінен орын тауып келеді.
Мерейтойлық кеш ақынның бай шығармашылық мұрасына қайта үңіліп, оның сыршыл поэзия әлеміне бойлауға және сан қырлы талантын тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді. Іс-шара аясында қазақ өнерінің танымал өкілдері өнер көрсетіп, мерейтой иесіне арнап арнайы әзірленген шығармашылық бағдарламаны ұсынады.
Күні: 2026 жылы 9 қараша
Уақыты: 16:00
Орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры (Нұркент шағынауданы, 6).
Байланыс телефоны: +7 747 214 5230