AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағым...

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Әлеумет Бүгін 14:10 57
Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдерді қалай қадағалау керектігін және жұмыс беруші тиісті міндетін атқармаса, қайда шағымдану қажеттігін түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заң бойынша жұмыс берушілер бұл жарналарды қызметкердің жалақысынан ұстамай, өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Стандартты мөлшерлеме – есептелетін табыстың 5 пайызы. Қаражат әр ай сайын, келесі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылуы тиіс (мысалы, қазан айының төлемі 25 қарашаға дейін түсуі шарт).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған, жүктілік пен босану демалысына шыққан, бала асырап алған немесе 1,5 жасқа дейін бала күтімімен айналысқан жағдайларда қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері де заңда көрсетілген талаптарға сай тиісті төлемдерді ала алады. Төлем көлемі тәуекел түріне, аударым жасалған табыс мөлшеріне және жүйеге қатысқан уақытқа қарай есептеледі.

Өз аударымдарыңызды тексерудің бірнеше оңтайлы жолы бар:

  • eGov.kz порталы: «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметін таңдап, қажетті кезеңді көрсетесіз де, сұрау жолдайсыз. Нәтиже жеке кабинетке келеді.

  • Банк қосымшалары: Кейбір банктердің мобильді қосымшаларындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы жылдам тексеруге болады.

  • ХҚКО немесе МӘСҚ филиалы: Жеке куәлікпен тікелей барып, толық мәлімет алуға мүмкіндік бар.

Егер белгілі бір айларда ақша аударылмағаны анықталса немесе сомасы күмәнді көрінсе, алдымен жұмыс берушіге немесе компанияның бухгалтериясына хабарласып, деректерді өзара салыстырып көрген жөн.

Егер жұмыс беруші заң талабын орындаудан жалтарып отырғаны рас болса, қызметкер бұл төлемдердің уақтылы түсуін қадағалайтын мемлекеттік кірістер органдарына ресми түрде шағымдана алады.

Кез келген күтпеген жағдайға дайын болу үшін аударымдарды жүйелі түрде тексеріп отырған абзал.

Қосымша сұрақтар бойынша МӘСҚ филиалдарына немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘСҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді

Бүгін 12:24

Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

Бүгін 11:44

Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:06

Алматыда «Ертіс-Баян жауһарлары» ұсынылды

Бүгін 10:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);