ffin.kz

Халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд. теңге қарастырылған

Халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд. теңге қарастырылған Сурет: Info.homsters.kz

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті.


Тұрғын үй алу кезегін қысқарту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың пәтер сатып алуға 38,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Демеу» және «Қамқор» орталықтарында 760 адам қызмет алады. Олардың қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 267,5 млн. теңгеге ғимараттарға жөндеу жүргізу жоспарланған.


Кешенді әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектігі бар 120 адамға арналған әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта оңалту жұмыстарын жүргізу, сурет салуға, театр, фото және операторлық өнерге және т. б. оқыту жоспарлануда.


Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 180 млн. теңге қарастырылған.


Мәдениет және спорт салаларына 5,5 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:


Кітапхана жүйесін цифрландыруға 329,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл кітап алу процесін автоматтандыруға, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.


Жыл сайынғы контингенті 14 мың бала мен 2 мыңнан астам спортшыны құрайтын 3 жоғары спорт мектебін және олимпиадалық резервтегі 10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебін ұстауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінеді.


Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын жаңғыртуға және ұстауға 726 млн. теңге қарастырылған.


"Алатау", "Зерделі" және "Жас Қанат" шағынаудандарында 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 884,4 млн. теңге. бөлінеді.


ТКШ саласына қосымша қажеттілік 44 млрд. теңгені құрайды.


Ағымдағы жылы қаланың 4 ауданында (Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу) жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгені құрайтын көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы аяқталуда.


"Жол картасы" даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қалқаман-2 шағынауданы тұрғындары үшін 22 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Оған жергілікті бюджеттен 12,6 млрд. теңге бөлінеді.


Алматы жер сілкінісі ықтималдығы 10 баллға дейінгі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.


Осыған байланысты жергілікті бюджеттен 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1 600-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерді паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізуге 2 млрд. теңге қарастырылған. 


Қаланың 3 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық) 33 жылумен жабдықтау объектілерінің ЖСҚ әзірлеуге 349 млн. теңге қарастырылған.


Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаланың жылу желілерін қайта құру және жаңғыртуға (АлЖЖ жарғылық капиталы арқылы) 5,3 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.


Қаланың 5 ауданында (Алатау, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб) 11 сумен жабдықтау объектісінің ЖСҚ әзірлеу жоспарланған Бұл тарапта 149 млн. теңге қарастырылған.


Қаланың 3 ауданында (Алатау, Әуезов, Медеу) жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталады, бұл 26 мың тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


5 ауданда сыртқы жарықтандыру желілерін ұстауға 4,1 млрд. теңге қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32