ffin.kz

Халықаралық жоғары баға пациенттің көзқарасымен берілді

Халықаралық жоғары баға пациенттің көзқарасымен берілді aqshamnews.kz

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI-дің (Joint Commission International) қайта аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті. Дәлірек айтсақ, биылғы шілдеде JCI медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі халықаралық біріккен комиссия Алматыдағы қызметіне бағалау жүргізді. 

Аталған институт алғаш рет 2021 жылы осындай аудиттен өткен. Алайда көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау үшін JCI араға үш жыл салып өткізіліп тұрады.

JCI халықаралық аккредиттеу – бұл медициналық көмектің жоғары сапасының стандарты, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану. Аудиторлар атап өткендей, олар институтта болып жатқан барлық жағдайға пациенттің көзқарасымен қарады. Халықаралық комиссия мүшелері ұжымда мақтануға тұрарлық нәрсе көп екенін атап өтті, өйткені институтта жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Олар пациенттерге сапалы көмек көрсету, мультидисциплинарлық тәсілді қолдану, сондай-ақ өзара байланысты процестер бойынша команданың үйлесімді жұмысын атап өтті. 

Аудиторлар тобы институтта қолданылатын тиімділік пен сапаның жекелеген индикаторларын, мысалы, қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді емдеу тәжірибесін, кардиореабилитация кезеңдері арасындағы сабақтастық критерийлерін, ішектің эндоскопияға дайындық сапасының көрсеткіштерін және т.б. JCI халықаралық кітапханасына беруге шешім қабылдады. Мұндай озық тәжірибелер бүкіл әлем бойынша медициналық ұйымдар арасында таралып, тәжірибе алмасуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Демек, біздің отандық ҒЗИ-дің заманауи тәсілдерін шетелдік дәрігерлер де пайдаланады деген сөз бұл.

Клиниканың жұмысы 1110-нан астам көрсеткіш бойынша бағаланып, олардың тек 10-ы бойынша тексеру барысында жойылған елеусіз ескертулер болды.

Иә, JCI стандарттары бойынша барлық бөлімше мен процестер бағаланды, олар: пациенттерді емдеу және күту тәсілдері, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы, ғимараттың қауіпсіздігі, дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу, инфекциялық қауіпсіздік, кадрлармен қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, білім беру және ғылыми процестер, медициналық және әкімшілік персоналдың пациенттерге жеке көзқарасы. Қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмекпен дұрыс жұмыс істеу, оларды таңбалауға және сақтауға, инциденттерді басқаруға, ауруханаішілік инфекциялардың, құлау салдарынан жарақат алу қаупін азайтуға ерекше назар аударылды.

"JCI стандарттары денсаулығы мен өмірін бізге сеніп тапсырған пациенттердің күтімі мен қауіпсіздігіне бағытталған. JCI аккредитациясы пациенттерге клиникаға сене алатынын көрсетеді. Біз JCI ұсынатын құралдарды пайдалана отырып, қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға тырысамыз", – деді КІАҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Орынбасарұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43