AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғында...

Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды

Алматы Бүгін 17:33 33
Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды
Алматы әкімдігі

Кездесуде тұрғындар көтерген тағы бір маңызды мәселе – тұрғын үй кешеніне қатынайтын толыққанды жолдың болмауы, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алмалы ауданындағы «12 месяцев» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, оларды алаңдатқан мәселелерді талқылады. Кездесу барысында үйлердің шатырынан су ағуы, кешенге кіріп-шығатын жолдың жоқтығы және құрылыс салушының орындалмаған міндеттемелері көтерілді.

"Кешендегі үйлердің көпшілігінің шатырынан судың ағуы – тұрғындарды алаңдатып отырған негізгі мәселелердің бірі. Соның салдарынан жоғарғы қабаттағы пәтерлер зардап шегіп отыр. Түйткілді бақылауға алып, құрылыс салушы «Қазақстрой» ЖШС-нің анықталған кемшіліктерді толық жоюын талап етеміз, – деді тұрғындарға қала әкімі.

Кездесуде тұрғындар көтерген тағы бір маңызды мәселе – тұрғын үй кешеніне қатынайтын толыққанды жолдың болмауы. Бұл жағдай күнделікті көлік қозғалысын қиындатып қана қоймай, өрт сөндіру және жедел жәрдем сияқты шұғыл қызметтердің оқиға орнына уақытылы жетуіне де кедергі келтіруі мүмкін.

Сонымен қатар құрылыс салушы компанияның Мұратбаев көшесінің бойындағы бірінші қатарда орналасқан жеке тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі міндеттемесі әлі орындалмаған. Бұл мәселе жобаны іске асыру кезінде қарастырылғанымен, арада төрт жыл өтсе де, жұмыс аяқталмай отыр.

"Төтенше жағдайлар департаментіне Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірлесіп, тұрғын үй кешені мен оған іргелес көшелерді тексеруді тапсырдым. Тексеру қорытындысы бойынша арнайы техниканың кедергісіз жетуіне жағдай жасау және тұрғындардың көлік қатынасын жеңілдету жөнінде нақты шаралар әзірленуі тиіс", – деді Дархан Сатыбалды.

Осылайша, «12 месяцев» кешеніндегі мәселелерді шешу үшін құрылыс салушының міндеттемелерін орындауы мен жол инфрақұрылымын реттеу мәселесіне назар аударылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем және емханалардың мобильді бригадаларына 468 смарт-бейнежетон табысталды

Бүгін 17:12

Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуымен танысты

Бүгін 16:45

Қазақстанда шетелдік университеттердің жаңа кампустары ашылады

Бүгін 16:31

В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде салынатын екпе неліктен аса маңызды?

Бүгін 16:17

Олжас Бектенов Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын тексерді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);