AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Еуро-24 / EURO 2024: Бүгін үш ойын өтеді

EURO 2024: Бүгін үш ойын өтеді

Еуро-24 21.06.2024, 13:25 847 Almaty-akshamy.kz. 
EURO 2024: Бүгін үш ойын өтеді
Сурет: Instagram/cristiano

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының сегізінші ойын күні, бүгін үш ойын өтеді.

Ең алдымен 18:00–де Е тобында Словакия мен Украина ойнайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Кездесу Дюссельдорф қаласындағы «Меркур Шпиль-Арена» стадионында болады.

Екі құрама бұған дейін сегіз мәрте кездесті. Украина үш, Словакия екі мәрте жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталған.

Бұл топтағы Румыния мен Бельгия кездесуі 22 маусымда өткізіледі.

Сондай-ақ D тобындағы Польша мен Австрия кездесуі 22.00-ге белгіленген.

Қазірге дейін құрамалар он бір ойында кездесіп, бесеуінде Польша, төртеуінде Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркеліпті.

Кездесу Берлин қаласындағы «Олимпиаштадион» стадионында болады.

Аталған топтағы Нидерланд және Франция кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Құрамалар қазірге дейін отыз екі мәрте кездесіп, он бірі Нидерланд, он жетісі Францияның басымдығымен аяқталса, қалған төрт ойында тең нәтиже көрсетіпті. 

Ойын Лейпциг қаласындағы «Ред Булл-Арена — Центральштадион» стадионында өтеді.

Алғашқы турда Франция Австрияны 1:0, Нидерланд Польшаны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Көш басында үш ұпаймен Франция мен Нидерланд келеді. Ал Польша мен Австрияның еншісінде ұпай жоқ.

Ойындардың бәрі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #еуро 2024 #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);