AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогте...

Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогтер мен медицина қызметкерлерімен талқыланды

Алматы Бүгін 15:36 42
Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогтер мен медицина қызметкерлерімен талқыланды

Алматыда педагогикалық және медициналық ұжымдармен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыруға арналған кездесулер өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қатысушылар мамандардың еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

№26 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен өткен кездесуде педагогтер мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, әкімшілік жүктемені азайту және сынып жетекшілерін қосымша ынталандыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер қарастыру, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және демалыс орындарының инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бұдан бөлек, заманауи педагог кадрларды даярлау, цифрлық сауаттылықты дамыту және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне назар аударылды.

Тағы бір кездесу Бостандық ауданындағы Қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында өтті. Медициналық қызметкерлер балалардың денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Жолдауда белгіленген басым бағыттардың қатарында ауруханалар, перзентханалар және балаларға арналған медициналық мекемелерді қоса алғанда, 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмектің учаскелік қызметі мамандарының үздіксіз еңбек өтіліне қарай жалақысын 40%-ға дейін арттыру қарастырылған.

Кездесулер барысында әлеуметтік сала өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайларын одан әрі жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және білім беру мен медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Бүгін 15:05

Журналистерге арналған қазақтілді ЖИ-моделі әзірленді

Бүгін 14:10

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді

Бүгін 12:45

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді

Бүгін 12:30

Сайлау күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтеді

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);