Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан мерекеге орай бір күн демалыс беріледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
5 күндік жұмыс аптасында желтоқсан айында 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Оның 8-і сенбі мен жексенбіге, ал біреуі 16 желтоқсанға сәйкес келеді.
Ал 6 күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған. Оның 4-еуі жексенбі, біреуі мерекелік сәрсенбіге келеді. Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.
Жылдың соңғы күндері қосымша демалыс болып саналмайды. 30 желтоқсан, сәрсенбі және 31 желтоқсан, бейсенбі – жұмыс күндері. 31 желтоқсан Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді. Сондықтан бұл күн автоматты түрде демалыс болып есептелмейді.
15 желтоқсан, сейсенбі – 16 желтоқсандағы мереке алдындағы әдеттегі жұмыс күні. Қазақстанның Еңбек кодексінде бұл мерекелер қарсаңында жұмыс күнін міндетті түрде қысқарту қарастырылмаған. Бұл талап 31 желтоқсанға да қатысты. Алайда жұмыс беруші өз бастамасымен жұмыс күнін қысқартуға, икемді жұмыс кестесін белгілеуге немесе қызметкерлерге қосымша демалыс уақытын беруге құқылы. Мұндай шешімдер жұмыс берушінің ішкі актісімен рәсімделуі мүмкін.