AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Әлеумет Бүгін 15:05 56
Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Алматы көшелерінде Toyota Camry әлі де ең көп кездесетін көлік моделі болғанымен, жаңа автомобильдер арасында Қытай маркалары алға шыққан. 2024–2025 жылдары шығарылған көліктердің 51%-ы Қытай брендтеріне тиесілі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар электромобильдер мен гибридтер қаладағы барлық көліктің 4,5%-ын құрағанымен, жалпы жүрілген қашықтықтың 7%-ға жуығын қамтамасыз етеді. Мұндай деректерді Sergek ITS сарапшылары жариялады.

Мамандар 2026 жылғы 16–22 қараша аралығында Алматының 18 көшесі мен магистраліндегі көлік қозғалысын зерттеген. Талдау кезінде автомобильдердің маркасы, моделі, шығарылған жылы, тәулігіне жүретін орташа қашықтығы және көшелер бойынша таралу ерекшеліктері ескерілген.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қала жолдарындағы көліктердің 21,4%-ы Toyota маркасына тиесілі. Одан кейін Hyundai (14,2%), Kia (7,2%), Chevrolet (6%), Nissan (3,8%) және Mercedes-Benz (3,7%) орналасқан. Toyota-ның үлесі Hyundai мен Kia-ның жиынтық көрсеткішіне жуық.

Ал модельдер арасында Toyota Camry көш бастап тұр. Ол зерттеу қамтыған 18 көшенің бәрінде ең жиі кездесетін автомобиль болған. Алматы жолдарындағы шамамен әр он төртінші көлік – осы модель.

Ең көп таралған бес модельдің қатарына мыналар кірген:

  • Toyota Camry – 6,9%;

  • Chevrolet Cobalt – 3,2%;

  • Hyundai Elantra – 2,9%;

  • Hyundai Tucson – 2,7%;

  • Hyundai Accent – 2,3%.

Дегенмен жаңа көліктер арасында жағдай басқаша. 2020 жылға дейін шығарылған автомобильдер арасында Қытай маркаларының үлесі 1%-дан сәл ғана асса, 2024–2025 жылдары шығарылған көліктер арасында бұл көрсеткіш 51%-ға жеткен. Ал Toyota-ның үлесі осы кезеңде 4%-ға да жетпейді.

Жаңа автомобильдер арасында Changan CS модельдері жиі кездеседі. Одан кейін Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson, Hyundai Elantra және Kia Sportage тұр.

Зерттеу Алматы көшелеріндегі көлік құрамының біркелкі емес екенін де көрсеткен. Мәселен, жаңа автомобильдер ең көп кездесетін орын – Достық даңғылы. Мұнда жүрген көліктердің жартысынан астамы 2021 жылы немесе одан кейін шығарылған. Ал Солтүстік айналма жолда әр төртінші көлік дерлік 2005 жылға дейін өндірілген.

Қымбат автомобильдер көбіне Әл-Фараби мен Достық даңғылдарында кездеседі. Зерттеуге алынған көліктердің шамамен әр отызыншысының құны 25 млн теңгеден асады. Мұндай автомобильдердің үлесі Әл-Фараби даңғылында 6,5%, Достық даңғылында 6,3% болған. Ал Саин көшесінің жалғасында бұл көрсеткіш 1,2%-ды құраған.

Құны 80 млн теңгеден басталатын автомобильдердің үлесі жалпы көлік ағынының шамамен 0,25%-ына тең. Яғни әр 400 көліктің біреуі осы санатқа кіреді. Олардың жартысына жуығы – Lexus LX 600 және Mercedes-Benz G 63 AMG.

Көшелердегі көлік құрамына қатысты айырмашылықтар да байқалған. Мысалы, Солтүстік айналма жолда Volvo FH және DAF XF жүк көліктері басқа зерттелген көшелердегі орташа көрсеткіштен бес есеге жуық жиі кездеседі. Ал Құлжа тасжолында 1990 жылдары шығарылған Audi 100, Audi 80, Mitsubishi Galant және Volkswagen Passat модельдері көп ұшырасады.

Әл-Фараби даңғылында Tesla Model Y, Mercedes-Benz G 63 AMG, BMW X7 және Lexus LX 600 жиі кездессе, Достық даңғылында Zeekr 001, Li L9, Range Rover және Porsche Cayenne көліктерінің үлесі жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автомобиль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогтер мен медицина қызметкерлерімен талқыланды

Бүгін 15:36

Журналистерге арналған қазақтілді ЖИ-моделі әзірленді

Бүгін 14:10

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді

Бүгін 12:45

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді

Бүгін 12:30

Сайлау күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтеді

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);