Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ескі көліктердің салығы төмендейді

Ескі көліктердің салығы төмендейді

Әлеумет 18.09.2024, 09:54 1,724
Ескі көліктердің салығы төмендейді
Қайрат Қонысбаев

Жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автокөліктер үшін – 50%-ға төмендейтінін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ, қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін – 50%-ға төмендетілетін болады»,- деді министрлік өкілі.

Сонымен бірге бұрынна талқыланып келе жатқан «Сән-салтанат» заттарына жоғары салық салу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін жаңа тетіктер ұсынылған. Олар келесідей:

  • жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі артады;
  • кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салынады;
  • қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салынады.

Сонымен бірге шағын бизнеске қатысты арнай салық режимдерін реформалау көзделген. Жаңа жобада ол режимдер оңтайландырылып, тек 3 режим қалады.

Біріншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдікті режим ұсынылады, онда ЖТС мөлшерлемесі нөлге тең. Табыстың шекті мәні – жылына 15 млн теңгеден аспайды. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет емес. Мөлшерлеме айналымнан 4%. Олар 2% – МЖА, 1% – ӘМСМ, 1% – ӘСМҚ.

Екіншісі – оңтайландырған декларация негізіндегі АСР. Мәслихаттардың мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендету құқығын сақтай отырып, В2С операциялары үшін 4%-дық мөлшерлеме, сондай-ақ В2В операциялары үшін 12%-дық мөлшерлеме. Ал айналым бойынша ұсынылатын шекті мән – жылына 600 мың АЕК. Осы АСР қолдану үшін қызмет түрлеріне тыйым салу тізімі ұсынылады.

«Жұмысшылар саны шектелмейді. Сондай-ақ, осы режимді қолданатын салық төлеушілер ҚҚС төлемейді»- дейді Әмрин.

Үшінші режим – шаруа және фермер қожалықтары үшін режимді сол күйінде сақтау ұсынылады. Тек бірыңғай жер салығының орнына ЖТС төленбек. Осы режим үшін тиімсіз пайдаланылған жерлер бойынша жер салығын базалық мөлшерлемеден 40 есе мөлшерде енгізу ұсынылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #көлік #шаруа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика