AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Еліміздің қай өңірінде агрессор көп?

Еліміздің қай өңірінде агрессор көп?

Заң мен тəртіп 28.05.2024, 17:35 797
Еліміздің қай өңірінде агрессор көп?
Сурет: интернеттен

Былтыр Қазақстанның дағдарыс орталықтарына 4 мыңнан астам адам жүгінген.

Ақпаратқа сүйенсек, ең көбі - Астанадан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі "отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" арнайы баяндама жасады. Ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылы Дағдарыс орталықтарына 4 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде 3 мыңнан астамы медициналық көмек алып, 1 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылып, құжаттар алды.

"2023 жылы дағдарыс орталықтарына көмек сұраған адамдардың саны 4386 құрады. Аталған кезеңде көмек сұрағандардың көбі Астанада – 510, Алматыда – 410, Шымкентте – 358 және Қызылорда облысында – 331. Ал, көрсеткіш төмен көрсеткен өңірлер қатарында Шығыс Қазақстан облысы - 90, Маңғыстау облысы – 60 және Солтүстік Қазақстан облысында – 31 адам", - делінген баяндамада.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының санын және арнайы әлеуметтік қызметтерді алған адамдардың санын салыстыра отырып, құрбандардың басым көпшілігі қажетті көмек ала алмайды деген қорытындыға келеді.

"Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандары көбінесе құқық қорғау органдарына жүгінбейді, демек, зардап шеккендер ретінде анықталмайды және нәтижесінде арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмайды", - деді ол.

Осы бағыттағы үш негізгі мәселе:

оқиғадан кейін зардап шеккендермен жұмыс;

дағдарыс орталықтары желісінің кейбір аймақтарындағы дамымауы;

зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі үшін орталықтардың қол жетімсіздігі.

Баяндамада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары туралы ғана емес, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру туралы да айтылады

"Қазіргі уақытта дағдарыс орталықтары тек тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетеді. Агрессорлармен жұмыс-олармен психокоррекциялық курс өткізу-әлі заңмен шешілген жоқ. Ал бұл мәселемен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар осы бағыт бойынша қаржыландырылмайды", – делінген баяндамада.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ел бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 46 дағдарыс орталығы көрсетеді, оның 15 – і мемлекеттік, 31 – і мемлекеттік емес. 2022 жылы мұндай орталықтардың саны 42 болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрмыстық зорлық #дағдарыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика