«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының 16 ақпандағы мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты төмендегі учаскелерде уақытша қозғалыс шектелді:
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 965-1240-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Жетісу облысы
• «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолы, 84-164-шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
https://kaz.inform.kz/news/16-akpanda-eldeg-kay-zholdarda-kozgalis-shekteld-87e3ae/