ffin.kz

Дулат Исабеков: Айтыс ескірді, оның енді еш керегі жоқ

Дулат Исабеков: Айтыс ескірді, оның енді еш керегі жоқ almaty-akshamy.kz




«Айтыс туралы бұрын да айт­қанмын, сол ойымнан әлі айныған жоқпын. Шындығында айтыс дегеніңіз – арзан сөз, жеңіл ұйқас ғана. Тіпті мұны «қазақта ғана бар өнер» деудің де қажеті жоқ.




Анығында, айтыс ертеде біраз халықтарда болған. Ағылшын, немістер де кезінде айтысқан, кейіннен Гёте сияқты әдебиет­тің нағыз тұлғалары туылған соң олар айтысты біржола қойған. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Абайдан кейін қазақ та айтысты доғаруы керек еді, бірақ, керісінше, өрши түсті. Әсіресе тәуелсіздіктен соң бұл тіпті де үдеді.




Жүрсін Ерман ақындардың басын қосып, айтыс ұйымдастырды. Онда не айтылады дейсің, сол баяғы арзан сөз, жеңіл әңгіме, көрермен соған мәз болады, осыны өнер деп түсінеді. Бұл қайдағы өнер?!



Тіпті бір кез­дері «Жүрсіннің жүйріктері» деген де сөз шықты. Мен бастапқыда Жүрсін шет елден, әлде Арабиядан, әлде Түркіменнен жүйрік тұлпар алдырған екен, сонысын бәйгеге қосқалы жүрген болар» деп топшылаппын, сөйтсем, «жүйрік» дегендері айтыскер ақындар екен. Айналайын-ау, шын жүйрік біреу­ге тәуелді, меншікті болмайды, дара шабады.




Шынын айт­қанда, жаңағы «жүйріктердің» де сырын білеміз. Олар айтысты спектакльге айналдырғалы қашан, айтатындарын алдын ала жазып, сызып, бірінікін бірі оқып, әбден дайындалады, сөйтеді де жұрт алдына шығып жат­тағандарын айтып береді.



Бірде қазылар алқасында отырған ақын Қ.Мырза-Әлі кезектесіп жат­тағандарын айтып, домбыраларын сабаған екі ақынның сөзін бөліп: «Әй, сендер қашан айтысасыңдар?!» деп еді. Кейде айтыскерлер жат­тағанын да жөндеп айта алмайды, жұрт алдында домбырасын ұзақ шертіп, күмілжіп отырғанын талай көрдік ғой. Сондай-ақ ел ішінде: «ақындардың қайсысы жүлде алатыны алдын ала белгілі болады» деген сөз де тарап жүр, әрине, мұндай қауесет тегін айтылмаса керек. Қандай да бір негізі бар көрінеді.




Мен өзім де бірнеше рет Ж.Ерманның қазыларға: «қолдарыңды көтеріп, ақындарға дауыс беріңдер» деп ұрсып сөйлегенін көргенмін. Тағы бір айтайын дегенім – қазір айтысты мал табудың, жан бағудың, оңай олжаға кенелудің жолына айналдырып алғандар көп. Бір айтысқа қатысады, бір көлік мінеді. Мен жастардың ел алдына шыққанын, сый-сияпат алғанын қызғанып отырған жоқпын. Бәрі орнымен болса деймін.



Мысалы, белгілі бір ақын бүкіл ғұмырын сарп етіп, он том еңбек жазады, бірақ оның қаламақысы мардымсыз, ал бір жас бала екі шумақ өлең айтып, көлік мінеді.




Қорыта айт­қанда, айтыс ескірді, оның енді еш керегі жоқ. Дәл осы айтыстың тоқтағанынан біз ұтылмаймыз. Қазақ қашанғы жеңіл сөз, арзан күлкіге алданып, айтыскерлердің айт­қан көбік сөзіне малданып жүре береді. Біз де ғылымның, өнердің тілін игерейік, біз де сөзден іске ауысып, дамыған, өркениет­ті елдердің қатарына қосылайық», — деді жазушы.




zhasalash.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05