AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР...

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Спорт 09.05.2026, 20:27 514
Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды
Қайрат Қонысбаев

Жарыстың соңғы күнінде жұптық финал өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Чемпионатқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жас спортшылар қатысты. Бұл дода 2026 жылғы халықаралық жарыстарға іріктеу кезеңі саналады. Атап айтқанда, 15–25 шілде аралығында Таиландта өтетін Азия чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.

Еліміздегі су спорттарын дамытуға жауапты Qazaq Aquatics ұйымы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Ұйымның атқарушы директоры Асель Орынбасарова турнирдің маңызын ерекше атап өтті. - Бұл жарыс спортшылар үшін өте маңызды. Себебі жеңімпаздар мен жүлдегерлер Азия чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды. Сонымен қатар біз Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары және Әлем кубогында төрелік ететін халықаралық деңгейдегі төрешілерді шақырдық. Мұндай тәжірибе жас спортшыларға да, жаттықтырушылар мен қазақстандық төрешілерге де үлкен пайдасын тигізеді, - деді Асель Орынбасарова.

Чемпионат кезінде қатысушыларға ерекше көңіл бөлінді. Барлық балаға республикалық және жергілікті көркем жүзу федерациялары атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Жарыстың ең жас әрі көзге түскен қатысушыларының бірі - 9 жастағы Тэя Голубцова. Бұл оның екінші жарысы екен.

– Бірінші болып шығу маған қиын болды. Бірақ өз өнерімді жақсы көрсете алғаныма қуаныштымын, – деді жас спортшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоқыс шығару жұмыстары нақты уақыт режимінде бақыланады

Кеше 18:11

Алматыда тәжірибелі мотоциклшілер полициямен бірге рейдке шықты

Кеше 17:48

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

Кеше 17:09

Алматыда қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Кеше 16:29

Алматының туристік әлеуеті Turkish Airlines-пен жасалған меморандум аясында шетелде ілгерілетіледі

Кеше 15:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);