AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан к...

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Оқиға 09.05.2026, 14:18 676
Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ
әлеуметтік желіден

BI Group басшысы Айдын Рахимбаев пен жұбайы Анар Рахимбаева The Giving Pledge – «Қайырымдылық антына» қол қойды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл бастамаға қосылғандар байлығының кемінде жартысын қайырымдылыққа бағыттауға міндеттеме алады.

Рахимбаевтардың айтуынша, олар капиталының жартысынан көбін әлеуметтік жобаларға жұмсауды жоспарлап отыр.

«Біз капиталымыздың жартысынан көбін кезең-кезеңімен қайырымдылыққа бағыттауға міндеттенеміз. Ал қалған бөлігін балаларымызға қалдырғымыз келеді. Бірақ жарты миллиард доллар да біз үшін шек емес. Көбірек табыс тапсақ, игі істерге де көбірек қаражат бөлеміз. Біз болашақ ұрпаққа пайдасы тиетін, ұзақ мерзімді әсері бар жобаларға инвестиция салғымыз келеді. Бұған дейін әлеуметтік жобаларға шамамен 100 млн доллар бөлдік. Балаларымыздың да бұл бастаманы қолдап, құндылықтарымызды бөлісетіні қуантады», – деді Айдын Рахимбаев.

Айдын және Анар Рахимбаевтар мамыр айының соңында өтетін The Giving Pledge қауымдастығының кезекті кездесуіне шақырылды. Сол жиында олардың «Қайырымдылық антына» қол қойып, Орталық Азиядан бұл бастаманы қолдаған алғашқы өкілдер атанғаны ресми жарияланады.

Айдын Рахимбаевтың сөзінше, негізгі басымдық Қазақстандағы жобаларға беріледі. Қаражат мектеп салуға, балалар үйлерін жабуға, Орталық Азиядағы балаларды қолдауға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және Қазақстан тарихын насихаттауға бағытталмақ.

Сарапшылар бұл шешім Қазақстандағы өзге де ірі кәсіпкерлердің қайырымдылық бастамаларына серпін беруі мүмкін екенін айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде

Бүгін 20:24

ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды

Бүгін 19:54

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Бүгін 19:31

Король II Абдалла Президент Тоқаевты марапаттады

Бүгін 19:30

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Бүгін 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);