AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме?

Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме?

Әлеумет 04.05.2024, 06:17 1,214 Almaty-akshamy.kz. 
Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Шілдеде дәрілік заттарды таңбалаудың басталуымен фармацевтикалық препараттардың бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Телеарна мәліметінше, Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен. Алайда сарапшылар алдағы уақытта дәрілік заттарды таңбалау басталғанда баға тағы өсетінін айтады.


Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген. Онда дәрі-дәрмек құны 5,6 пайызға көтерілген.


Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат.



Тіпті, 400-500 пайызға жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді, - дейді ол.



Дәріхана иелері дабыл қағуда. 1 шілдеде дәрілік заттарды таңбалаудың басталуы фармацевтикалық препараттардың бағасына кері әсер етеді. Өйткені таңбалау процесіне кәсіпкерлер қаражатты өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болады.


Дәріханалардың бірінің иесі Әйгерім Аманбаева «дәрілерді таңбалау контрафактілі өндірістер мен заңсыз тауар айналым тәуекелдерін жоя алмайтынын» айтады.



«Біз келісімшартпен жұмыс істейміз. Салық төлейміз. Жалға алу ақысын, еңбекақы төлейміз. Енді таңбалау енгізетін болсақ, бізге қосымша қаржы керек болады. Таңбалау кішігірім бизнеске өте қиын», - дейді ол.



Дәрілік заттарды таңбалаудың енгізілуі отандық өндірушілерге де оңай соқпайын деп тұр.


Таңбалауға қажет ең арзан құрал-жабдық 100 мың доллардан басталады. Одан кейін оларға 30 мың долларға дейін бағдарлама керек.



«Қазақтелекомның» бағдарламасы мен өндірістің бағдарламасын жүйелендіру үшін. Жылына 2 млн рубльге дейін отандық өндірушілер тағы төлейді», - дейді «Қазақстанның фарммединдустриясы» қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақбаева.



Дәріхана иелері мен отандық өндірушілер дәрілік заттарды таңбалау процесін жетілдіру керек екенін айтады. Әйтпесе, олардың айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы алдағы уақытта 2 есеге өсуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі #таңбалау #баға #медицина #денсаулық #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);