Қандай дәрілер ең көп сатылады: таңбалау жүйесінің алғашқы нәтижесі
2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізіліп, олардың қозғалысын өндірушіден тұтынушыға дейін толық бақылау мүмкін болды. Жүйе сатылымды нақты уақыт режимінде талдауға жол ашып, Парацетамол, Ацетилсалицил қышқылы сияқты кең сұраныстағы препараттарды анықтауға мүмкіндік берді.