AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылды...

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Мәдени Алматы Бүгін 12:18 30
Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді
Алматы әкімдігі

Қазақстанның әр өңірінен келген театр ұжымдары көрермен назарына таңдаулы спектакльдерін ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 15-20 қараша аралығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ALMATY THEATRE FESTIVAL республикалық театр фестивалі өтеді.

Фестивальдің салтанатты ашылуы 15 қарашада өтеді.

15:00 – баспасөз конференциясы

16:00 – фестивальдің ресми ашылу салтанаты

17:00 – фестиваль бағдарламасы режиссер Фархад Молдағалидың soundrama жанрындағы «Мәмлүк» қойылымымен басталады.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген театр ұжымдары қатысып, көрермен назарына түрлі жанрдағы таңдаулы спектакльдерін ұсынады. Қатысушылар қатарында Жезқазған, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды қалалары мен Батыс Қазақстан облысының театрлары, сондай-ақ Алматының шығармашылық ұжымдары бар.

Фестиваль бағдарламасына «Мәмлүк», «Войцек», «Сәйгүлік», «She Is Aiel», «Жабайы алма», «Найзағай», «Қорғансыз», «Томирис», «Ортеке», «Ромео мен Джульетта» және «Гүлге ұмтылған екеу» спектакльдері енді.

Сонымен қатар фестиваль аясында «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция қатысушылары ұлттық театр өнерін дамыту бағыттарын, сондай-ақ қазіргі театр үдерісінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Фестивальдің өтетін күндері: 15-20 қараша, 2026 жыл.

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры (Нұркент шағынауданы, 6).

Байланыс телефоны: +7 777 678 8594

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);