ffin.kz

Бұл мәселе – бұрынғыдан өзгерек...

Бұл мәселе – бұрынғыдан өзгерек... almaty-akshamy.kz
Жалпы әлеуметтік желілерге тәуелділіктің көпшілікке, оның ішінде жастарға зияны жөнінде ғалыми дәйектерді айтып жүрген мамандар баршылық. Бүгінгі күнге дейін оны елең қылмадық.
 
Алайда соңғы 3-4 жылда пайдаланушылар саны минуттап өсіп келе жатқан TikTok әлеуметтік желесінің орасан зор залалы туралы айтпасқа болмай отыр.
 
Мұның басқа әлеуметтік желілерден өзгешелігі – жұмыс жасау алгоритмінің адам психикасын соншалықты терең меңгеріп, соған мақсатты түрде шабуыл жасауында. Бүгінгі таңда қолында смартфоны бар бастауыш сынып оқушысынан бастап егде тартқан қартқа дейін TikTok қосымшасын белсенді пайдаланады. Оның барлығы осы қосымшаның жасанды интелектіге негізделген алгоритмдерінің құрбаны болып отыр.\
 
Біріншіден, TikTok желісінің алғашқы бетіне шығатын контенттер хронологиялық негізде емес, миға жеңіл, мәні жоқ, көп қаралған материалдардан тұрады. Қысқа видеолардың миға тартымдылығы сондай, бірінен соң бірін сырғытып отыруға итермелейді. Қорқыныштысы – қосымша автоматты түрде сіздің миыңызда қандай контентке қызығу барын бірден анализ жасап, әп сәтте сол мәндегі видеолардың түр-түрін ұсынады.
 
Жазатайым бала депрессия, суицид немесе психикаға шабуыл болатын ойынға немесе видеоға бір минуттан артық үңіліп қалған болса, Tik-Tok алгоритмі ол баланың қыр соңынан қалмай, сол мәндегі материалды ұсынады да отырады.
 
Психикалық денсаулық тақырыптарына қызығушылық танытатын пайдаланушыларға платформа алгоритмі жағымсыз эмоциялардың күшеюіне әкелуі мүмкін ұқсас бейнелерді ұсынуын жалғастырады.
 
Халықаралық Amnesty International ұйымының Алгоритмдердің ашықтығы институтымен бірлесе отырып жүргізген зерттеуі әр бір сағатта қаралған материалдардың тең жартысы міндетті түрде психикалық денсаулыққа қауіпті контенттер екенін көрсетіпті.
Құндылығы бекіген егде жастағы азаматтарымыздың өзі шылауына түсіп қалған TikTok жастарымызды қандай деңгейге жетелеп бара жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты. Оның шет жағасы кешегі бірінен соң бірі орын алып жатқан суицидтен анық көрініс бере бастаған сияқты.
 
Одан бөлек, бұл қосымшаның балалардың білім алуына кедергісі жөнінде айтпасқа болмайды.
 
АҚШ-тағы Цинциннати балалар ауруханасындағы оқу және сауаттылықты дамыту орталығының зерттеулері қысқа бейнелерді көру адамдардың ұзақ назар аударуды қажет ететін тапсырмаларға шоғырлану қабілетін төмендететінін көрсетті.
 
TikTok миды жылдам сыйақылармен үнемі ынталандыратын «допаминдік машина» ретінде әрекет етеді.
Миннесота университетінің ғалымдарының зерттеуі TikTok пайдаланушыларды видеоларды үздіксіз айналдыруға ынталандыру үшін шексіз мазмұн арнасын пайдаланатынын анықтады.
 
Зерттеулер көрсеткендей, TikTok-қа тәуелді студенттердің білім беру нәтижелері төмен, олардың зейіні және орындау тәртібі нашар.
 
Сонымен қатар қосымша балалар арасындағы негізсіз, қауіпті мінез-құлықты мақұлдайтын челлендждерді шектен тыс насихаттауды азайтпай келеді.
 
​Тағы бір сорақысы TikTok-тың монетизациясы...
 
TikTok-тағы мән мағынасы жоқ батл деп аталатын ойындар, ол ойынға қатысушыларға басқа азаматтардың бірнеше мыңдаған қаражатпен сатып алынатып түсініксіз стикерлерді жолдауы, жеңген адамның жеңілгенге қоятын неше түрлі арсыз шарттары, күндіз-түні тілей эфирден шықпай отыратын сайқы мазақтар, тікелей эфирде балгерлікпен айналысатын алаяқтар, одан бөлек ойын ойнап, өз каспи номерін жазып қойып ашықтан ашық қайыр тілеп отыратын жап жас-зіңгіттей жігіттер біздің қоғамда масылдар мен интернет қайыршылардың жаңа армиясын қалыптастыруда.
 
Бұлардың саны күн санап өсіп келеді. Бүгін де жастар арасында осыларға қарап отырып жұмыс жасамай, маңдайы терлемей қарап отырып баюды немесе еңбек етпей нан табуды ойлайтын адамдардың қарасы көбеюде.
 
​Бүгін де бұл топтың бел ортасында белгілі ақын, сазгер, әнші-күйшілер де өріп жүр.
 
​Біз бұл тенденцияны креативті индустриямен шатастырмауымыз керек. Бұл нағыз ұлттық құндылықтардың, қасиетті ұғымдардың тамырына төтесінен балта шабатын қауіпті құбылыс.
 
​Осы кеселмен басқа елдер де бет пе бет келуде және өз жағдайларына сәйкес түбегейлі шектеу, қолдану уақытына лимит қою сынды түрліше шаралар қабылдап қарсы тұруда. Онсыз болмақ емес. Сондықтан біз де бұл мәселеге халықаралық тәжірибені зерделей отырып мемлекеттік деңгейде араласпасақ арты насырға шабар түрі бар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

05:01

18:15

17:25

16:23

15:19

14:54

14:35

14:33

13:45

13:05

12:33

12:17

11:31

11:16

11:05

10:49

10:43

10:42

10:22

10:18

20:15

19:47

19:11

18:48

18:15