AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 3 мыңнан астам алматылық қоныстойын тойлайды

Биыл 3 мыңнан астам алматылық қоныстойын тойлайды

Әлеумет 12.07.2022, 16:03 1,205 Almaty-akshamy
Биыл 3 мыңнан астам алматылық қоныстойын тойлайды
сурет: Inform.kz

Алматыда 36 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр


Биыл 3 мыңнан астам алматылық қоныстойын тойлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Олар мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерге жайғасады. Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше, Алматыда 36 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Кезегі жеткендер мен құжаты талапқа сәйкес келгендерге жыл соңына дейін осы «Жас қанат» ықшамауданында салынып жатқан тұрғын үйден пәтер кілті беріледі. Бірінші болып көпбалалы отбасы, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырғандар назарға алынады. Кейіннен мемлекеттік қызметтегі жас отбасына қолдау көрсетіледі.  



«41 үй. 3116 пәтер. 163 мың шаршы метр биыл пайдалануға беріледі. 185 пәтер – көпбалалы аналарға арналған. 216 пәтер – осал топтарға арналған. 2705 пәтер – кредиттік пәтерлер болып саналады», – деді  құрылыс басқармасының бөлім басшысы Айдар Нұрғожаев.



Жаңа кешен аумағы 36-85 шаршы метр эконом санатындағы 124 пәтерден тұрады. Тұрғын үй кешенінің маңында автотұрақ пен балалар алаңы да қарастырылған. Сондай-ақ мұнда 1500 балаға арналған мектеп пен емхана құрылысы жүріп жатыр. Әлеуметтік нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Жалпы қазір қалада жеңілдетілген несиемен «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және «Алматы жастары» бағдарламалары арқылы үй алуға болады. Жылдық мөлшерлемесі 2-5 пайыз аралығындаға жоба мақсаты – әлеуметтік санаттағы жанұялар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамту.



«Көпбалалы аналар бар, мүгедек бала асыраушы отбасылар бар, жетім балалар пәтер кезегінде тұрады, бірақ олар пәтер жалдап тұрса, сол ақшаның 50 пайызын үкімет төлеп береді», – деді  Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы.



Сондай-ақ қалада қабырғасы қамыстан тұрғызылған ескі үйлерді сүру жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Олардың басым бөлігі Түрксіб ауданында орналасқан. Аймақта 1229 тұрғын үй болса, оның 600-ге жуығы ескірген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоныс той #баспана #жастар #Алматы #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);