Бейбіт Жұқаев Шампейн челленджер турнирінің екінші айналымына шықты

Бейбіт Жұқаев Шампейн челленджер турнирінің екінші айналымына шықты Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық, әлемнің 238-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шампейн (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде 514-орында тұрған ұлыбританиялық, 18 жастағы Генри Сирлмен өткізді.

Бірінші партия 6:3 есебімен Бейбіттің пайдасына аяқталды. 

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Жұқаев басым болды – 7:6 (7:4). Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тек біреуін пайдаланды. 

Сирл 6 эйспен ғана шектелді.

Бейбіт Жұқаевтың 1/8 финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Сондай-ақ қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев Лиондағы (Франция) дәл осындай додада бақ сынайды. М.Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачкомен, Д.Евсеев корт иесі Кальвин Эмеримен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25