AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Әлеумет 10.02.2026, 14:05 888
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінде «Мәңгілік тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты сіңіру, жауынгерлік дәстүр сабақтастығын нығайту және әскери борышын абыроймен атқарған ардагерлердің ерлік жолын насихаттау болды.

Кездесу барысында ауған жерінде әскери борышын өтеген ардагерлер отставкадағы полковник Балтабеков Скендир Окшиевич және отставкадағы полковник Фалеев Геннадий Дмитриевич бастан кешкен оқиғаларын, өз көздерімен көрген тарихи сәттерді баяндап, сол кезеңдегі жауынгерлік өмір, достық пен жауапкершілік, Отан алдындағы адал қызметтің маңызы туралы әңгімеледі. Шара барысында әскери қызметшілер мен кездесуге келген жалпы білім беретін № 106 орта мектептің оқушылары тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті.

Отставкадағы полковник Скендир Балтабеков сол жылдарды еске алып: 
– Ауғанстан бізге өмірдің шынайы құнын, жолдастық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Біз үшін ең бастысы – берілген тапсырманы адал орындау және жанымыздағы жолдастарымызды аман алып қалу болды, – деп атап өтті.

Іс-шара соңында әскери қызметшілер ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен өнегелі өмір жолы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті. Мұндай кездесулер аға буын мен жас сарбаздар арасындағы рухани байланысты нығайтып, әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын арттыра түсетіні сөзсіз. Кездесу соңында жеке құрам ардагерлермен бірге естелік суретке түсті.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);