«АУҒАНСТАН АҚИҚАТЫ» ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге
Жетісу ауданындағы №193 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауғанстан ақиқаты» атты тағылымды кездесу өтіп, Ауған соғысы ардагерлері оқушылармен жүздесіп, ерлік, Отанға адалдық және бейбіт өмірдің қадірі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.