AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырау облысында 22 жаңа спорт кешені пайдалануға...

Атырау облысында 22 жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі

Әлеумет 12.02.2026, 08:58 611
Атырау облысында 22 жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі
сурет: автордан

Атырау облысында 2026 жылы 22 жаңа спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңа нысандар бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға, қала мен ауыл тұрғындарына тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Әсіресе спорт нысандары тапшы, жастары көп елді мекендерге басымдық берілген.

Құрылыс Атырау қаласының «Жұлдыз» шағынауданында және Еркінқала ауылдық округінде, сондай-ақ Индер, Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Мақат және Қызылқоға аудандарының ауылдарында жүріп жатыр. Жаңа кешендерде бокс, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол және байдарка мен каноэде есу секілді олимпиадалық әрі ұлттық спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалады.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше, нысандар іске қосылғаннан кейін 3 мыңға жуық бала мен жасөспірімді тұрақты спортқа тарту көзделіп отыр. Қазір өңірде 800-ге жуық спорт нысаны жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #спорт саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);