14 жастағы оқушы мектепте атыс ұйымдастырды

14 жастағы оқушы мектепте атыс ұйымдастырды Сурет видео скрині

Джорджия штатындағы оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті. 

Бұл туралы CNN арнасына штаттың тергеу бюросының директоры Крис Хоузи хабарлады. Күдікті 14 жастағы Кольт Грей қамауға алынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Крис Хоузидің айтуынша, Кольт Грей – осы мектептің оқушысы. Оған жақын арада адам өлтірді деген айып тағылмақ.

«Апалачи» мектебіндегі атыс 4 қыркүйек күні болды. Нәтижесінде 4 адам қаза тапты (екі мұғалім мен екі оқушы), шамамен 30 адам жарақат алды.

CNN арнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, атыс басталмай тұрып, бес мектепте атыс болатыны туралы ескерту қоңырауы түскенін хабарлады.

Сол хабарламада «Апалачи» бірінші болатыны айтылған. Басқа оқу орындарында атыс туралы мәліметтер келіп түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:24

18:52

18:51

17:10

16:47

16:20

15:58

15:43

15:40

15:39

15:09

14:48

14:25

13:43

13:30

13:11

12:55

12:23

12:09

11:45

11:11

10:45

10:27

10:25

10:22