Кез келген өркениетті қоғамның басты қағи даты – еңбек адамын құрметтеуден бастала ды. Біздің кейіпкеріміз де осынау құрметке әбден лайықты жан. Он саусағынан өнер тамған, тігіншіліктен несібесін тауып жүрген Ақбөпе Асыл бекқызы талай тағдырдың жолын ашып, ақ арма нын ақ мата арқылы жеткізіп жүр. Оның қолынан шыққан сан қырлы, сан түрлі той көйлектері талай жастың арманына арқау болды. Қазір нағыз той дың маусымы. Сондықтан Ақбөпенің бір сәтке де қолы босай бермейді. Өйткені, ол нағыз еңбек адамы!
Ақ мата боп өрілген арман
Ақбөпе – Алматы іргесіндегі Ұзынағаштың тумасы. Ес білген кезінде ата-анасы Алматыға қоныс аударып, №137 мектепте оқыды. Кейін №17 мектеп-интернатында оқуын жалғастырған Ақбөпенің нағыз оқушылық кезеңі басталады. Білім шаңырағында өткен кездесулер мен әдеби кештерге үзбей қатысқан қыздың қиялы сан тарапты шарлайтын.
Балалық көңіл дегенді қойсаңызшы, ондай сәтте Ақбөпенің ақын да, әнші де болғысы келіп кететін еді. Бірде оқу орда сының басшысы Тоқтар ағайдың «Ақбөпе, осы сенің саусақ тарың сондай салалы, түбі сенен не биші, не тігінші шығады» деп айтқаны есінде қалыпты. Ондай сәтте Ақбөпе «оқуымды әрі қарай жалғастырсам ба, жоқ жұмыс жасағаным жөн бе?» деп ойланып қалатын. Ақыры, Ақбөпенің анаға деген махаб баты жеңді. Ол 9-сыныптан соң тігіншілік жолды таңдап, анасының ізін жалғады.
Жалпы, ол бала күнінен ине-жіпті серік етті. Әжесінің құрақ көрпесіне қызыға қарап өскен Ақбөпе үлкен шеберге айналатынын білмеген де шығар. «Бала күнімде қуыршақта рымды түрлі мата қалдығына орап, оларға көйлек тігетінмін. Ал өзіме 5-сыныпта оқып жүргенімде әдемі белдемше тігіп алдым. Кейін былғарыдан сөмке дейсіз бе, тағы біраз бұйым тіктім. Алғашқы тігін машинкамды 18 жасымда сатып ал дым», – дейді. Ақбөпенің анасы нағыз ісмер, бес саусағынан өнер тамған тігінші болғандықтан шығар, қызын да өзі тәмамда ған оқу ордасына алып келеді.
– Анам сондай еңбекқор кісі. Өзіне небір әдемі киімдер тігіп алатын. Қазір де өзі тіккен көйлекті кисе болды, бәрі таңдана қарайды. «Осындай әдемі киімді дүкеннен іздеп таппаймыз. Сен қайдан аласың?» деп сұрап жатады. Ондай кезде анам жәй ғана он саусағын көрсетеді, – дейді тігінші қыз.
Алматы сән және дизайн колледжінің «Сәнгер пішуші» мамандығын игерген тігінші бүгінде өз саласының нағыз маманына айналды.
– Колледжде оқып жүрген кезімде жазғы демалысқа шыға сала, сән ательесінде жұмыс істейтінмін. Әлі есімде, алғаш рет жалақымды алғанда маған ақша емес, тапсырыс пен тіккен көйлек сондай ыстық болды. Мен ешқашан ақша ға қызығып, жұмыс істеген емеспін. Жалпы, маған кез келген тапсырыс берушінің эмоциясы ұнайды. Егер тіккен киім ойы нан шықса, айнаға қайта-қайта қараумен болады. Мәселен, маған киім тігудің қыр-сырын үйреткен шебердің айтуынша, ол кісі бес жыл бойы тігін цехында тегін жұмыс істеген екен. Есесіне, мол тәжірибе жинады. Мен де солай етуге тырыс тым. Ал тапсырыс берушілердің көйлектерін үйде отырып-ақ тігетін едім, – дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде Ақбөпе тігіншілік кәсібін жалғастырып, өзінің бизнесін ұршықша үйіріп отыр. Оның шағын ғана тігін цехы бар. Сырттай қарағанда, қарапайым көрінетін сырлы есіктің ар жағында талай бойжеткеннің арманына айналған ақ көй лек, көк көйлек, қынама камзол, қос етек көйлектер. Бұған қоса, қуаныш пен қимастықтың куәсі болған ұзатылар қыз дың сән-салтанатына арнайы тігілген көйлектер мен ұлттық киімдер дүниеге келді. Бұл – тігінші Ақбөпе Асылбекқызы ның шағын болса да, шексіз шабытқа толы шеберханасы.
Той көйлектің төресі – жүрекпен тігілген дүние
Ақбөпенің есімі бүгінде тек ұлттық киім ғана емес, той көйлектерін тігумен де танымал. Әсіресе, қазақтың салт-дәс түріне сай, қыз ұзатыларда киетін әшекейленген көйлектер оның нағыз шығармашылық қолтаңбасына айналған.
«Қалыңдықтың көйлегі тек әдемі болмауы керек, ол – шаңырақ көтеретін қыздың жаңа өмірге қадамының символы. Әр көйлекті тіккен сайын, сол қыздың анасы, болашақ жары, арманы бәрі көз алдымнан өтеді. Мен үшін бұл жәй ғана жұмыс, яғни тапсырыс емес, жауапты қызмет», – дейді шебер.
Бір қызығы, Ақбөпенің тігін цехына келгендердің талап тілегі әрқилы боп келетін көрінеді. Бірі аппақ матадан көйлек кигісі келсе, бірі көкпеңбек, енді бірі күлгін түсті таңдайды екен.
«Көп қыздар тойдан кейін де киетін көйлек тіккізіп жата ды. Бір есептен бұл да дұрыс сияқты. Қазір көп қыздар той көйлекті кейін де, яғни отбасылық кештерде, мерекелерде киюге болатындай етіп тапсырыс береді», – дейді Ақбөпе.
Оның қолынан шыққан көйлекті киген талай қалыңдық бүгінде өз шаңырағында ана атанып отыр. Бұл – Ақбөпенің көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен сезілетін еңбегінің жанғаны. Ақбөпе Асылбекқызының өмір жолы қарапайымдық пен табандылықтың, өнер мен өнегенің айғағы. Ендеше, осын дай алтын қолды шеберлерді елге таныстыру – бізге парыз, ал олардың қолтаңбасын сақтау – ұрпаққа аманат.