AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аналар ұйықтамайды

Аналар ұйықтамайды

Әлеумет 12.05.2024, 10:27 1,112
Аналар ұйықтамайды
Сурет: ашық дереккөзден

ЖҮРЕК


Емханада.
– Анашым, қазір сіз де кіріңізші уколға менімен бірге, – деді ұлым Олжас.
– Ұят қой, балам. Дәу жігітсің, кезекте тұрған басқа балалар да, мамалар да күлмесін саған деп жүрмін ғой.
– Укол деген жама-а-н ащы ғой. Ал сіз қасымда тұрсаңыз, дым ауырмас еді...
Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді!

 

ЖЫЛЫЛЫҚ

– Түу, неге келе бересіңдер мұнда?! Мен мақала жазып отырмын ғой, көңілім қайта-қайта бөлініп кетіп жатыр. Бөлме көп қой осы үйде, сол жақта ойнаңдар. Не бар мұнда сендерге?!
– Ол бөлмелерде қызық емес, мұнда сіз бар, – деген Олжастың жауабы жүрегімді елжіретіп жіберді.

 

ТҮН

– Олжас, сен түнімен көрпеңді қайта-қайта ашып тастай бердің. Ылғи солайсың. Әне, енді мұрның пышылдап, ауырайын деп отырсың. Ал Шұғыла ше, бар-жоғы екі-ақ рет ашып тастады көрпесін, сен сияқты емес, тыныш ұйықтайды, – дедім.
– Анашым, сонда сіз не, мүлдем ұйықтамайсыз ба, түнімен Олжас екеумізге қара-а-ап отырасыз ба? – дегені Шұғыланың.
Иә, аналар ұйықтамайды.

 

АЛАҚАН

Ұлым даладан қара терге малшынып, шашының арасынан суы моншақтап кіріп келді. Футбол ойнапты. Су сұрады.
Аяғын, башпайларының арасына дейін салқын сумен жуып жатыр едім, «Ух, рақат-ай! Қолыңыз сондай жұмсақ!» – деді.
– Біздің маманың алақаны күшті-і ғой! – деп қостай кетті Шұғылам.
 – Балам, менің ғана емес, барлық ананың алақаны жұмсақ болады, – дедім. Рас қой.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамыр #ана #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Бүгін 09:13

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 08:30

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);