ffin.kz

Алматылық ардагерлер әлі де тың

Алматылық ардагерлер әлі де тың Ұлттық ұлан

Алматыда генерал-майор Аманкелді Мендалиевті еске алу мақсатында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы өз ардагерлері арасында скандинавиялық жүруден жарыс ұйымдастырды.

Мегаполистің Ботаникалық бағында өткен жарысқа қатысушылар 70 жасқа дейін және 70 жастан жоғары жастағы ардагерлер болып екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы ардагерлер 6 шақырымдық қашықтықты, ал екінші топ 3 шақырымдық қашықтықты бағындыру керек болды. 

5571 әскери бөлімінің спорт және дене шынықтыру бастығы аға лейтенант Давронбек Турсуновтың пәрмен беруімен сөреде тұрған ардагер спортшылар доданы бастап кетті. Ә дегеннен ақсақалымыз Магамед Гамзатович топтың алдына түсіп, жарысқа жай келмегенін байқатты. Жарысқа қатысушылар 1,5 шақырым қашықтықты бағындырғанда, Магамед ағамыз топтан 150 метрдей  ұзап кетті. Сөйтіп жеңісті ешкімге бермеді. Екінші, үшінші болып Союзжол Жұманов пен Еркеш Құлбаев келсе, Аман Ақылов төртінші орынға табан тіреді. Айта кететін жайт, полковник Союзжол Жұманов 3 және 6 шақырымдық қашықтықта да бақ сынады. Біріншісінде екінші орын алса, 6 шақырымдық қашықтықта бірінші келді. 6 шақырымдық қашықтықта мәре сызығын екінші болып 3656 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Байбақтиев аяқтаса, 5571 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Алмағанбетов алғашқы үштікке ілікті.

Жеңімпаздар арасында полковник Исмаил Абизов «Спорт адамы» номинациясында үздік деп танылса, полковник Мұрат  Қарагуйшиев «Ең көп жүретін адам» номинациясын жеңіп алды. Ал полковник Магамед Майндуров ақсақалымыз «Скандинавиялық жүрудің акуласы» атанды. 

– Жарысқа ардагер қыздарымыз Галина Майндурова мен  Айнакүл Қожымованың, Астана қаласынан арнайы келген полковник Мұрат Қарагуйшиевтің қатысуы да іс-шараның көрігін қыздыра түсті. Мұндай іс-шаралар жастарға үлгі болады. Ардагерлеріміздің әлі де тың екенін білдіреді. Бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын осылай насихаттай жүріміз керек. Жарыс соңында марқұм генерал-майор Аманкелді Шайхыұлының басына барып, құран бағыштадық, – дейді «Оңтүстік» өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник Асатулла Құлахмедов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32