AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицияның қызмет көрсету орталықтары ашы...

Алматыда полицияның қызмет көрсету орталықтары ашылды

Заң мен тəртіп 13.07.2024, 17:07 852
Алматыда полицияның қызмет көрсету орталықтары ашылды
polisia.kz

Онда полиция қызметін сапалы көрсетуге жағдай жасалған.

Полицияның қызмет көрсету орталықтарынан азаматтар барлығы 55 қызмет түрін тегін ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен “қолжетімді полиция” қағидатын жүзеге асыру мақсатында Алматыда полицияның қызметтік моделін енгізу жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, қалада полиция мен қоғам арасындағы әріптестік қарым-қатынасты орнатуға бағытталған 8 заманауи және жайлы полицияның қызмет көрсету орталығы кезең-кезеңімен ашылып келеді. Онда полиция қызметін сапалы көрсетуге жағдай жасалған.

«Бүгінде қалада жеті полицияның қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Олар азаматтардың көмекке жүгінген кездегі шиеленіс пен жайсыздық деңгейін төмендетуге, халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыруға, азаматтармен ашық серіктестік орнатуға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыруға, азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға, халыққа уақытылы кәсіби, білікті және консультативтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Полицияның қызмет көрсету орталықтарынан азаматтар барлығы 55 қызмет түрін тегін ала алады. Мамандар көші-қон және әкімшілік заңнама мәселелерін шешуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға, отбасында зардап шеккен әйелдердің құқықтарын қорғауға көмектеседі. Біз үшін азаматтардың тыныш ортада құқық қорғау қызметтері мен қажетті заң көмегін алуы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар орталықтарда психологтар, медиаторлар, ішкі істер органдарына оқуға және қызметке қабылдау үшін кеңес беретін мамандар, қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат беретін қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың ішінде ресепшн, күту залы және балалар бұрышы бар. Полицияның қызмет көрсету орталығына келушілер қызмет көрсету сапасын бес балдық жүйе бойынша бағалап, пікір білдіре алады. Орталықтардың жұмыс уақыты – 9:00-ден 20:00-ге дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Мигранттарға арналған «Діни сауаттылық және экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика