AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам...

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Алматы Бүгін 18:46 63
Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Алматыда 27–31 қазан аралығында колледж студенттері мен бизнес өкілдерінің басын қосқан Ideathon by QYZfond білім беру байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

800-ден астам қатысушы 10 жетекші компанияға арналған инновациялық шешімдер әзірледі. Ал жеңімпаздар бизнес серіктестердің қолдауымен кәсіби тәжірибеден өту немесе білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Жобаны Алматы қаласының Білім басқармасы «Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» (Qyzfond) қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінде оқитын студент қыздардың әлеуетін ашу, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

Байқаудың ауқымын мына көрсеткіштер айғақтайды: қатысуға 882 студент тіркеліп, оның 864-і алғашқы күні жұмысқа кірісті. Шамамен 780 қатысушы байқауды соңына дейін аяқтады. Құрылған 190 команданың 172-сі өз жобаларын әзірлеп, қорғады. Гранд-финалға 136 финалисті біріктірген үздік 30 команда жолдама алды.

Байқауға Алматының 56-ға жуық колледжі қамтылып, 10 колледж базасында 10 салалық бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар нақты бизнес-кейстермен жұмыс істеп, өз шешімдерін көрнекі презентациялар түрінде ұсынды. Командамен жұмыс істеу, талдамалық ойлау, пікірін дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Жобаға Microsoft, DASM, Swissôtel, Vanilla, Wolt, Parqour.kz, Roca Kazakhstan, Mary Kay, QR және TIDAM компанияларын қоса алғанда, 18 бизнес серіктес қолдау көрсетті. Байқау барысында қатысушыларға 50-ден астам ментор жетекшілік етті. Ұйымдастыру жұмыстарына колледждердің 10 кураторы мен 200 ерікті жұмылдырылды.

Гранд-финал 31 қазанда жобалар көрмесі форматында өтті. Қатысушылар әзірлесін серіктес компаниялардың өкілдеріне таныстырып, топ-менеджерлермен пікір алмасуға және алдағы кәсіби ынтымақтастық үшін түйіндемелерін ұсынуға мүмкіндік алды.

Байқау жеңімпаздары серіктес компанияларда кәсіби тәжірибеден өту немесе білім алу мүмкіндігіне ие болды. Алтын жүлдегерлер:

* Roca Kazakhstan – «КАрх 25-8» командасы, ҚазБСҚА колледжі;

* Parqour.kz – OurVision командасы, Алматы инновациялық техникалық колледжі;

* Swissôtel – diVas командасы, Шет тілдері педагогикалық колледжі;

* Mary Kay – VMK MEDFORCE командасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Жоғары медициналық колледжі;

* Wolt – Qadam Trade командасы, UIB көпсалалы колледжі;

* Microsoft – CyberKumbez командасы, Алматы сервис және технологиялар колледжі;

* Vanilla – The Avengers командасы, UIB көпсалалы колледжі;

* QR – «Смотря какой fabric!» командасы, Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі;

* TIDAM – «Стая» командасы, Халықаралық бизнес академиясының колледжі;

* DASM – Rise командасы, Алматы технологиялық-қаржылық және инновациялық-техникалық колледжі.

Сондай-ақ осы бағыт бойынша UIB көпсалалы колледжінің Market Queens командасы арнайы жүлдеге ие болды.

Ideathon by QYZfond білім беру саласы мен бизнестің өзара байланысын нығайтатын алаңға айналды. Жоба студент қыздарға өздерінің кәсіби құзыреттерін көрсетуге және экономиканың түрлі салаларына арналған тәжірибелік шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жас мамандардың кәсіби бағдар алуына, тәжірибе жинақтауына және болашақта жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:18

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Бүгін 16:19

Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті

Бүгін 15:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);