Брусиловский көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, жол жабынын төсеу жұмыстарына байланысты 1 қараша сағат 22:00-ден 3 қараша сағат 06:00-ге дейін Брусиловский көшесінің Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды және балама бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.