AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда өрендер баскетбол чемпионатының іріктеу т...

Алматыда өрендер баскетбол чемпионатының іріктеу турында сынға түсті

Спорт 12.03.2023, 09:56 1,580 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда өрендер баскетбол чемпионатының іріктеу турында сынға түсті
сурет: Қайрат Қонысбаев

«Доп бер» мектеп баскетбол лигасы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.


Алматыда 7-17 жас аралығындағы 1200 оқушыдан құралған 44 команда баскетбол чемпионатының іріктеу турында сынға түсті. Тартысты ойын мегаполистегі Ш.Уәлиханов атындағы білім ошағында баскетболдан мектеп лигасы аясында өтті, деп хабарлайды Almaty aqshamy газетінің тілшісі.


Өрендер жарысы Алматы мен Астана командаларының арасында өтті. Екі қаланың да баскетбол лигасы жергілікті жердегі бірнеше жекеменшік мектептермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан.



– «Доп бер» («Дай мяч») мектеп баскетбол лигасы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Біз маусымды жылда екінші тоқсаннан бастаймыз және ойындарды мамыр айының ортасына дейін жалғастырамыз», – дейді мектеп баскетбол лигасының жетекшісі Дмитрий Чмил.




Шоқан Уәлиханов мектебінің спорттық құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталғаны соншалық, оны спорт мектебінің деңгейіндегі нысан десек қателеспейміз. Іріктеу кезеңіне осы мектептің төрт командасы қатысты. Олардың арасында көзінде оты бар 1-сыныптың балақайларынан бастап, жеңіске құштар жоғары сынып оқушылары да бар. Әр командада шамамен 20 ойыншыдан болды.



– «Біз балалар арасында баскетболды кеңірек насихаттауға тырысамыз. Спорттың осы түріне бейім өрендерді кәсіби тұрғыда жаттықтыратын мықты мамандарды тартамыз. Мәселен, Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте балалармен өте танымал, тәжірибелі жаттықтырушы Александр Золотухин айналысады», – дейді Дмитрий Чмил.



Алдағы уақытта олар Алматы қалалық Спорт басқармасының қолдауымен, дәлірек айтсақ, келер жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер арасындағы баскетбол лигасын іске қосуды көздеп отыр. Әзірге жеке мектептермен жұмыс істеуде.


Алматы төрінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары кубоктар, медальдар мен грамоталар иеленді. Ал алдымыздағы 13 мамырда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында үшінші, төртінші және бесінші жас санаттарында чемпионат финалы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #баскетбол #Шоқан Уәлиханов мектебі #Алматы оқушылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика