AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының мінде...

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының міндеттерін жариялады

Саясат Бүгін 15:15 23
Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының міндеттерін жариялады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасының елдің барлық өңірін қамтитынын және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Адал еңбек пен жауапкершілік

Президент адал еңбек етіп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың елдің дамуына үлес қосып жатқанын атап өтті.

– Қазақта «Еңбек төрге оздырады» деген сөз бар. Шын мәнінде, өз ісін адал атқарып, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың арқасында еліміз өсу, өрлеу дәуіріне қадам басып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ауқымды өзгерістер

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы Жолдауда айтылған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы елдегі ауқымды өзгерістердің біріне айналмақ. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады.

Атап айтқанда, емхана, аурухана, балабақша, мектеп, мәдениет және спорт ғимараттары бой көтереді. Сонымен қатар сапалы жолдар төселіп, атом, су және электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары салынады.

Президент мұндай ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

– «Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады, – деді Мемлекет басшысы.

Келешек ұрпақтың қамы

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның игілігін Қазақстанның әрбір азаматы, әсіресе өскелең ұрпақ көретінін айтты.

– Сондықтан біз «Құрылыс және тағы да құрылыс» сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

Осылай деген Президент «Халықтық құрылыс» келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет екеніне тоқталды.

«Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады. Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – «Құрылыс және тағы да құрылыс!».

Геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр жағдайда мемлекетіміздің, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұрлым дұрыс, қисынды жолы осы екеніне сенімдімін. Осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынады», - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #құрылыс #әлеуметтік инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіне енгізілген екі жаңа түзету Жобалық кеңсенің отырысында мақұлданды

Бүгін 15:30

Президент ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына талдау жүргізуді тапсырды

Бүгін 15:30

Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді

Бүгін 15:00

Алматы декларациясының 35 жылдығына халықаралық жиын өтті

Бүгін 14:30

Алматының Жетісу ауданында 3 мың шаршы метрден астам аула аумағы көркейтілді

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);