AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қыз...

Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді

Әлеумет Бүгін 15:00 25
Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді
Depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «QH – балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының ауқымын кеңейтуді жалғастыруда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаға жаңа өңірлер қосылды

2026 жылғы 20 қарашадан бастап жобаға Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары қосылды. Оны Петропавл және Ақтау қалаларындағы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының облыстық филиалдары жүзеге асырады.

Маңғыстау облысында тірек-қимыл аппараты бұзылған 1 631 бала, ал Солтүстік Қазақстан облысында 497 бала тұрады. Мұндай отбасылардың көбі облыс орталықтарынан шалғай орналасқан ауылдар мен елді мекендерде тұрады. Сондықтан баланы оңалту сабақтарына тұрақты түрде апару оңай емес. Үй жағдайында оңалту осы мәселені шешіп, баланың күнделікті өмірінен ажырамай, өзіне үйреншікті ортада жаттығуына мүмкіндік береді. Ал мамандар отбасымен үнемі байланыста болып, қажетті қолдау көрсетеді.

– Көптеген отбасылар үшін Ақтауға дейін қатынау қосымша уақытты, күш пен қаражатты талап етеді. Енді оңалту шаралары баланың өзіне үйреншікті ортада, үйде жүргізіледі. Бұл ретте мамандар отбасына жан-жақты қолдау көрсетуде: қажетті жабдықтарды таңдап, реттейді, ата-аналарды оны дұрыс пайдалануға үйретеді және әр кезеңде сүйемелдеп отырады, – дейді Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мүминат Мусина.

Жеке мүмкіндіктерді бағалау

Әр баламен жұмыс алдымен оның жеке мүмкіндіктерін бағалаудан басталады. Филиал мамандары ата-аналармен бірге баланың қимыл-қозғалыс қабілетін және үйдегі жағдайды зерделеп, оңалтудың жеке мақсаттарын айқындайды. Баланың қажеттілігіне қарай көпфункционалды кресло-арбалар, вертикализаторлар немесе жүріп-тұруға арналған құралдар таңдалады. Бұл жабдықтар уақытша өтеусіз пайдалануға беріледі. Алдымен мамандар оларды баланың бойына және қажеттілігіне сай бейімдеп, реттейді. Сонымен қатар ата-аналар жабдықтарды қауіпсіз пайдалану бойынша тәжірибелік оқудан өтеді. Құралдар берілгеннен кейін де мамандар отбасына кеңес беріп, баланың күнделікті белсенділігін бақылап отырады.

– Біз үшін ең бастысы – баланың күнделікті өміріндегі оң өзгерістерді көру. Мысалы, ерекше қажеттілігі бала ойын кезінде бұрынғыдан ұзағырақ отыруы, бір нәрсеге сүйеніп нық тұруы немесе ересектердің көмегін аз қажет етіп, өздігінен қозғала бастауы мүмкін. Мұндай сәттерді ата-аналармен бірге белгілеп, нәтижесін оңалтудың цифрлық күнделігінде бақылап отырамыз. Енді шалғай ауылдарда тұратын отбасылар да баласын жолға әурелемей, үйде күн сайын жаттықтыра алады, – дейді Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Аягөз Сейтзадина.

FSM Social ақпараттық жүйесі

Ата-аналар, балалар мен мамандар оңалтудың барлық кезеңінде FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы өзара байланыста болады. Жүйе ақпарат алмасуды және оңалту барысын цифрлық форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

– Бұл модельдің тиімділігі мамандардың қашықтан үздіксіз сүйемелдеуіне негізделген. Әр балаға мамандар тобы жеке оңалту маршрутын әзірлейді, ал ата-аналар күн сайын орындалған жаттығуларды цифрлық күнделікке белгілеп отырады. Мамандар бұл мәліметтерді нақты уақыт режимінде көріп, қажет болған жағдайда оңалту бағдарламасына жедел түзету енгізе алады. Осылайша, ата-аналар оңалту процесінің толыққанды қатысушысына айналады, ал бала мамандардың кезекті келуін күтпей, тұрақты түрде жаттығады, – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия департаментінің директоры Ғазиза Иманғали.

Жобаның нәтижелері

Жоба өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Қазіргі уақытта ол Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында және Шымкент қаласында жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін жобаға 691 бала қатысты. Оның 430-ы оңалту курсын аяқтаса, 259 бала жаттығуларын жалғастыруда. Мамандар балалардың функционалдық дағдыларында 550 оң өзгерісті тіркеген.

Оқи отырыңыз: Алматылық декларациясының 35 жылдығына орай халықаралық жиын өтті

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүгедектік #балалар #оңалту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Астанада «Ғылым қорындағы» жымқыру схемасы анықталды

Бүгін 15:15

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 15:15

Алматы декларациясының 35 жылдығына халықаралық жиын өтті

Бүгін 14:30

Алматының Жетісу ауданында 3 мың шаршы метрден астам аула аумағы көркейтілді

Бүгін 14:29

Алматыда «Заң мен Әділдік» жобасы арқылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды кеңейтті

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);