Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мәдениет және спорт нысандары қалай жұмыс...

Алматыда мәдениет және спорт нысандары қалай жұмыс істейді?

Әлеумет 24.01.2022, 05:44 1,141
Алматыда мәдениет және спорт нысандары қалай жұмыс істейді?
qna.center

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров спорт, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ волонтерлік ұйымдардың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде қаланың барлық ұйымдары мен спорт нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, барлық оқу-жаттығу процестері қайта жанданды.



Бүгінде Алматыда 19 театр жұмыс істейді, оның 10-ы мемлекеттік және 9-ы жеке меншік. Барлығы 10 концерттік-ойын-сауық, демалыс ұйымының ішінде 6-ауы республикалық және 4-еуі қалалық ұйымдар.



Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық мәдениет және өнер мекемелерінде іс-шаралар өткізу тоқтатылды. Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынышты мекемелері шектеулі жұмыс режиміне көшті-штаттық қызметкерлердің 70-80% онлайн жұмыс істейді. Офлайн режимде тек Алматы қаласының зоологиялық паркі мен мұрағаты жұмыс істейді.


Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ғибадат объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т.б.) ұжымдық Құдайға құлшылық етуге (жұма намазы, жексенбі жиналыстары және т. б.) тыйым салынған.


Е. Бабақұмаров қаланың волонтерлік ұйымдарының жұмысы туралы айта келіп, ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап қалалық волонтерлік штабтың жұмысы басталғанын атап өтті.


Кез келген көмек көрсетуге ниет білдірген мұқтаж азаматтар мен қала тұрғындарынан 800-ден астам қоңырау түсті.



Ағымдағы жылы 10-21 қаңтар аралығында күндізгі уақытта штаб жатақханаларда, коммуналдық қызметтерге, жатақханада тұратын студенттерге, әскери қызметшілер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 7 мыңнан астам ыстық тамақ тасымалдады. Сондай-ақ, мұқтаж алматылықтарға 500-ге жуық азық-түлік пакеті таратылды.



Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері құқық қорғау органдарының, 4-ші қалалық аурухананың және басқа да қалалық ауруханалардың қызметкерлеріне 5,5 млн теңгеге азық-түлік себеті түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #спорт #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика