Алматыда жол сапасы бойынша 208 бұзушылық тіркелді

Алматыда жол сапасы бойынша 208 бұзушылық тіркелді Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалы

Елімізде жол жөндеу жұмысы туралы неше түрлі пікір бар. Олардың дені сапаға, жолға төселетін қоспаларға қатысты айтылып жатады. Сондықтан жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының директоры Мәулен Әліповтен жол құрылысына қатысты сауалымызды қойып көрдік.   

Өткен жылы жол жөндеу жұмыстарының бақылау аясында қанша көшеге тексеріс жүргізілді?

2024 жылы Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осы жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы және 8 аудан әкімшіліктерімен жасалған келісімшарт аясында біздің мекемеміз 643 инспекциялық тексеріс жүргізді. Бұл тексерістер барысында 1 873 астам жол құрылыс материалдарының сынамалары алынып, зертханалық сынақтардан өткізілді. Нәтижесінде, нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес келмейтін 363 сынама (19,3%) анықталды.

Сапаны төмендеткен компанияларға қандай шаралар қабылданды?

Тексеріс барысында 208 бұзушылық тіркелді. Олардың нәтижесінде, мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 183 миллион теңге сомасына жұмыстарды қайта құрылымдауға мәжбүр болды. Бұл тапсырыс беруші тарапынан төмен сапалы жұмыстарды қабылдап, төлем жасап, жауапкершілікті өз мойнына алу тәуекелін айтарлықтай төмендетті. Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық құрылыс бақылау басқармасына 15 өтініш берілді. 1 мердігер ұйым мен 1 инженерлік қызметке 2,5 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 2 жағдайда техникалық бақылаушы сарапшылардың жұмысын тоқтату шаралары қабылданды.

Жол сапасын арттыру үшін қандай жаңа материалдар ойлап табылды?

Зерттеу институты ретінде біздің мақсатымыз — жол құрылысында қолданылатын материалдардың сапасын арттыру және олардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта бірқатар жаңа материалдар мен технологиялар енгізілді, олар тексерістен өтіп, жоғары сапалы және қауіпсіз болып шықты. Алайда, бұл процесс үздіксіз жүргізілуде, сондықтан сапаны арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы мегаполис көшелерін жөндеуге бақылау жүргізіле ме?

Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, 2025 жылы қалада 300 шақырым жолды орташа жөндеу, 30 шақырым тротуар салу және 35 шақырым жаңа жол салу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыстар аясында біздің мекеме тарапынан бақылау мен тексеріс жұмыстары жалғасатын болады.

Жолайрықтардың сапасы мен ұзақ мерзімділігі туралы не айтар едіңіз?

2024 жылы Құлжа тас жолы алты жолаққа кеңейтілді және Сайын-Мөңке би жол айрығы бойынша қозғалыс ашылды. Биыл, 2025 жылы Сейфуллин көшесі мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жаңа көлік жол айрығын қолданысқа беру жоспарланған. Бұл жол айрықтарының сапасы туралы мамандармен 7 тексеріс жүргізіліп, 38 сынама алынды. Барлық сынамалар нормативтік талаптарға сай болды. Көпірлердің, өткелдердің, туннельдердің және эстакадалардың кепілдік мерзімі кемінде 5 жылды құрайды.

2024 жылы Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау аясында көптеген тексерістер мен сынақтар жүргізіліп, нәтижесінде жол құрылыс материалдарының сапасын жақсарту және мердігерлердің жауапкершілігін арттыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы қалада тағы да ауқымды жол жөндеу жұмыстарын бақылау жалғасады, бұл қаладағы жолдардың сапасын одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:35

21:13

21:09

19:06

18:43

18:35

18:15

17:51

16:29

16:20

15:52

15:48

15:45

15:23

15:06

15:01

15:00

14:57

14:44

14:25

14:01

13:47

13:14

12:57

12:36