Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңбыр кезінде 465 арнайы техника жұмылды...

Алматыда жаңбыр кезінде 465 арнайы техника жұмылдырылады

Әлеумет 01.07.2024, 10:47 713
Алматыда жаңбыр кезінде 465 арнайы техника жұмылдырылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 шілдеде сағат 13.00-ден 20.00-ге дейін Алматы қаласында 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, таулы ауданда нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қаланың коммуналдық қызметі тас-түйін дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және судың кедергісіз ағып кетуі үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,5 мың қап құм дайындалды.

Күндізгі уақытта жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы жұмылдырылады.
 
«Қазгидромет» РМК-ның дерегі бойынша 30 маусымда қалада 11 мм-ге дейін жауын-шашын, ал Кіші Алматы шатқалында 28 мм-ге дейін жауған қатты жаңбырдан кейін маусым айындағы жауын-шашынның жартысына жуығы (59 мм) түсіп, қатты желдің салдарынан құлаған бұтақтармен, қоқыс, лаймен бітелген арық желілері мен жол астындағы өткелдер 320 жұмысшының және 92 бірлік арнайы техниканың күшімен тазартылды. Түнгі уақытта 210 м3 қоқыс шығарылды. 

Ауа-райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға баруды қоя тұру ұсынылады. Жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз.

Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арық #тазалық #қоқыс #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика