AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бизнес иелері аумағын абаттандыруды қадағ...

Алматыда бизнес иелері аумағын абаттандыруды қадағалауға міндеттеледі

Әлеумет 19.07.2024, 11:19 941 Bakyt
Алматыда бизнес иелері аумағын абаттандыруды қадағалауға міндеттеледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы мәслихаты абаттандырудың жаңа ережелерін бекітті

VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы барысында депутаттар Алматы қаласы аумағын абаттандырудың жаңа ережелерін бекітті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Отырыс барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған ережелердің бірнеше маңызды аспектісін атады.

«Біріншіден, ережелерде бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың жауапкершілігі бекітіледі. Іс-шарадан кейін олар тазалық жұмыстарын жүргізуге және аумақтарды абаттандырылған көрініске қайтаруға міндетті болады. Концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер және басқа да шаралардың көптігін ескере отырып, бұл Алматы үшін өзекті және  қажетті шара болып табылады», -  деді Асқар Әмрин.

Инфрақұрылымды дамыту кезінде жаяу жүргіншілердің, қоғамдық және велосипед көлігінің және арық жүйелерінің басымдығы бекітіледі. Бұл норма қала тұрғындарының сұранысын ескере отырып әзірленді.

Бұған қоса, көріктендіру паспорттарын қолдану жалғасады, олар 2013 жылдан бері тоқтатылған.

Паспортқа аумақ иесі және аудан әкімдігі қол қояды. Құжатта тротуарлардың, жасыл желектердің, қасбеттің жағдайларына, пандустар, қоршаулар, көше жиһаздары сияқты элементтермен жабдықтауға қойылатын талаптар бекітіледі.

Паспортты енгізу кәсіпкерлік нысандардағы және жеке меншіктегі аумақтардың жағдайларын бақылауды жақсартады.

Өз кезегінде коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов ережені қабылдау – экологиялық жағдайды жақсартуға және қала аумағын абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы маңызды қадам екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #абаттандыру #жаңа ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);