AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бір мыңға жуық жас отбасы пәтермен қамтыл...

Алматыда бір мыңға жуық жас отбасы пәтермен қамтылады

Әлеумет 21.09.2021, 08:26 776
Алматыда бір мыңға жуық жас отбасы пәтермен қамтылады
Сурет: Usk-vologda.ru

Қазіргі уақытта олардың 772-і пәтер алды.


Алматылық мамандар жастарға қалай баспана алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 


Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы жетекшісінің орынбасары Ермек Әміровтың айтуынша, баспананы Отбасы банктің «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы алуға болады. 



«Бұл бағдарлама арқасында көп балалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы нарықта жаңа салынған немесе ертеректе тапсырылған пәтерді ала алады. Үш жыл ішінде бағдарламаға 634 алматылық отбасы қатысты», – деді Әміров брифинг барысында.



Тұрмысы төмен тұрғындар кезегіндегілерге тұрғын үй сертификаты да беріледі. Оларды қайтарудың қажеті жоқ. Бұл сома "Отбасы банкіндегі" жеңілдікпен берілетін ипотеканың алғашқы жарнасын жабу үшін қарастырылған.


Сертификатты қалай алуға болады:


Сертификат I және II топ мүгедектеріне, жетім балаларға, мүгедек бала асырап отырған отбасыға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасыға беріледі. Бұл үшін Алматы әкімдігі жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлді. Сомасы 1 миллион теңге болатын 2 000 қайтарымсыз сертификат табысталады.


Жұмыс істейтін жастар «Алматы жастары» бағдарламасына қатыса алады. Оның аясында 1 000 жас отбасы баспанамен қамтылды.



«Биыл тағы 1 000 жас отбасы баспаналы болады. Қазіргі уақытта олардың 772-і пәтер алды»,– деді Әміров.



Бұған қоса, тағы 1 050 жұмыс істейтін жасты 5 жылға дейін жалға берілетін баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #Алматы #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);