Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін сек...

Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін секцияға жазуға болады

Әлеумет 03.11.2021, 13:35 1,356
Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін секцияға жазуға болады
wikicity.kz

Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, тегін сабақтармен 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматы әкімдігі биылдан бастап балалардың спорт секцияларындағы сабақтарына ақы төлейтін болады. Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлінді, барлығы 40 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда.Оның үстіне, баланың қалауы бойынша спорт түрін таңдауға болады.


Бұл мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу арқасында мүмкін болды.


Тегін секцияларға 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатыса алады және 71 спорт түрінің бірін таңдауға болады. Үйден шықпай-ақ, платформа арқылы ең қолайлы секцияны artsport.edu.kz. платформасы арқылы таңдауға болады. Мұны ата-аналардың өздері сайтқа тіркелу арқылы жасай алады. 


Қазіргі кезде 24 мың өтініш берушіге тегін сабақтарға ваучерлер берілді, 26 спорт түрі бойынша 18 630 бала сабақты бстады. Ең көп сұранысқа ие футбол, таеквондо, каратэ, жүзу және дзюдо секциялары.


Айта кетерлігі, бүгінде секциялардағы сабақтар үшін мемлекет тарапынан жалпы сомасы 141 млн теңге төленді. Өңірлер арасында Алматы бөлінген қаржы бойынша бірінші орынды иеленген және нақтылы айналысатындар жөнінде де бірінші орында. 


Айта кетерлігі, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада спортпен айналысу үшін инфрақұрылым белсенді дамуда.



Қалада 3 400-ге жуық спорт нысандары, оның ішінде 12 стадион, спорт сарайы, 14 спорт кешені және 12 спорт ғимараты жұмыс істейді. Сондай-ақ, мегаполисте құрама командалардың 5 оқу-жаттығу орталығы, 3 шаңғы базасы, 12 ату тирі, атыс алаңы, велотрек, секіруге арналған трамплин, 6 хоккей корты, конькимен жүгіру стадионы, 2 671 тегіс ғимарат, 102 теннис корты, ипподром, 10 спорт манежі, 51 бассейн, 483 спорт залы, 12 кіріктірілген спорт залы бар.



Алматыдағы жабық спорт нысандарының алаңы 81 503 шаршы метрді құрайды. Оларды ұлғайту үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен қаланың шетінде жалпы ауданы 38 мың шаршы метр 6 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығы салынуда. Оның жалпы өткізу қабілеті тәулігіне 5 250 адамды құрайды, спорт секцияларының саны – 150.


Қазіргі кезде бюджеттен тыс қаржы есебінен бес жаңа спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде ДСК, үстел теннисі орталығы, күрес кешені. Бұдан басқа, теннис орталығының құрылысы аяқталды. Спорттың 15 түрі бойынша 70-тен астам спорт секциялары ашылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі