"Алматы жастары" бағдарламасы арқылы жаңа үйге қоныс аударған жас отбасы өз қоныс тойын тойлауға дайын

"Алматы жастары" бағдарламасы арқылы жаңа үйге қоныс аударған жас отбасы өз қоныс тойын тойлауға дайын Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласындағы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Алматы жастары» бағдарламасы көптеген жас мамандар үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Бүгінде осы бағдарлама арқылы қала жастары жеңілдетілген несие алып, өз баспанасына қол жеткізіп жатыр. 

Солардың бірі – Мадина Манапқызы. Алматы электромеханика колледжінде 2015 жылдан қызмет атқаратын жас маман 2019 жылы қазан-қараша айларында «Алматы жастары» бағдарламасына құжаттарын өткізеді. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, жұбайы екеуі қол ұстасып жүріп жинақтаған құжаттары конкурстан өтіп, 2020 жылы мамыр айында жалдамалы пәтерге қол жеткізеді. Мемлекеттің шапағатын көрген жас отбасы жақында өз үйлеріне көшіп, қоныс тойын тойлауға дайындық үстінде.

Ол кезде біз екінші сәбиімізді күтіп жүрген едік. Дәл сол уақытта тұрғын үйге арналған конкурстың екінші кезеңі өтіп жатқан болатын. Бақытымызға орай, 104 адамның ішінен 102-ші болып жалдамалы пәтердің кілтіне ие болдық. Осылайша, 2020 жылдың маусым айында көптен күткен армандаған баспанамызға қоныстандық. Бізге бұйырған екі бөлмелі, 66 шаршы метрлік пәтерде бес жыл бойы тұрдық. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алатын еді, ал біз жас шектеуіне сәйкес келіп, бұл мүмкіндікті жібермедік. Осы уақыт аралығында мен үш жылдай бала күтімімен үйде отырдым. Ең бастысы, жалдамалы пәтерге айына небәрі 12 мың теңге ғана төлеп отырдық. Бұл бізге өз арманымызды жүзеге асыруға, яғни жеке баспанамызды алу үшін қаражат жинауға үлкен мүмкіндік берді. Осы уақыт аралығында жоспарлы түрде 1 800 000 теңге бастапқы жарнаны жинап, 2024 жылдың қазан айында «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиемен өз үйімізді сатып алдық. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, көп ұзамай қоныс тойын тойлаймыз. Жастарға керемет мүмкіндікті ұсынған мемлекетке, қала билігіне алғысымыз шексіз! – дейді жас маман.

Биыл 6000 астам алматылық баспаналы болады. Бұған мемлекеттік 2% және 5% ипотекалық бағдарламаларының, қалалық «Алматы жастары» қатысушылары мен кезекте тұрған әлеуметтік осал топ санатындағылар қол жеткізеді.

 

Бүгінде қала бойынша баспана кезегінде 40 мыңнан астам адам кезекте тұр. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар ұсынылған. Солардың қатарында «Бақытты отбасы» мен «Шаңырақ» бар. Бұл бағдарламалар аясында қарыз алушылар үшін несие мөлшерлемесі 2% және 5% пайыз деңгейде белгіленген. Ал жастарға арналған «Алматы жастары» бойынша бұл көрсеткіш – 5%-ды құрайды.

 

Айта кету керек, өткен жылдан бастап өтініш берушілерден төлем қабілеттілігін растау және кемінде 10% бастапқы жарна төлеу талап етілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге мүмкіндік беретін тұрғын үй сертификаттарын беруді қарастыруда.

 

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлының айтуынша, кезекте тұрған азаматтар егер кезегін күткісі келмесе, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы 2 және 5%-дық жеңілдікпен үй алуларына болады. 2%-бен «Бақытты отбасы» деген барғдарлама бар. Оған көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек бала асыраушылар және жетім балалар кезекте тұр. Осы төрт санат бойынша кезекке тұрған азаматтар кезегін күткісі келмесе, осы ипотекалық бағдарлама арқылы баспаналы болса болады. Онда бастапқы жарнаны өтеу үшін 1,5 млн теңгеге дейін әкімшілік тарапынан қаражат қарастырылған.

 

Өткен жылы «Алматы жастары» бағдарламасына «Жұмыс істейтін жастар» санаты енгізіліп, 20 адам жалдамалы пәтердің кілтін алды. Ал биыл қала билігі жыл соңына дейін 6 мыңнан астам алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:43

18:44

17:55

17:50

17:27

17:16

16:52

16:34

16:33

15:54

15:53

15:20

15:17

15:01

14:55

14:43

14:28

14:24

14:17

14:12

14:03

13:37

13:32

13:17

12:44