Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданының әкімі коронавирусты жеңу үшін  ек...

Алатау ауданының әкімі коронавирусты жеңу үшін  екпе алуға шақырды

Әлеумет 12.08.2021, 17:07 1,405
Алатау ауданының әкімі коронавирусты жеңу үшін  екпе алуға шақырды
almaty-akshamy.kz

Мегаполисте коронавирусты тоқтату үшін вакцина алу міндетті, бұл пікірді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков айтты. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде, ауданда 80 мыңнан астам қала тұрғыны КВИ вакцинасын алғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




«Егер жағдай өзгермесе, біз одан да үлкен дағдарысқа ұшырауымыз мүмкін, өйткені басқа маусымдық вирустар ковидке қосылады. Ауданда барлық жағдай жасалған, 22 егу пункті орналастырылған, мобильді топтар шағын аудандарға, жеке секторға барады. Алайда, осы уақытқа дейін 80 217 адам ғана егілді, ауданда 118 мыңнан астам тұрғын вакцинациядан өтеді», - деді Азамат Қалдыбеков.



Алатау ауданының әкімі бизнес қауымдастығының Ashyq жобасына қатысуы туралы айтты. Ауданда қазірдің өзінде қосымшамен жұмыс жасайтын 236 шағын және орта бизнес өкілдері бар. Барлығы карантин кезінде артықшылық алған 3 жоба көшбасшысы анықталды – мысалы, коронавирустық инфекцияның ушығуына байланысты басқа нысандар жабылған кезде жұмысқа рұқсат.


Алайда, жауапсыз кәсіпкерлер де бар, ауданда 2 нысан санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жобадан шығарылды.


Сонымен қатар, тексерулердің арқасында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 34 адам анықталды, олардың барлығына айыппұл салынды.


Сондай-ақ, Азамат Қалдыбеков мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады. Алатау ауданда олардың бесеуі бар, олар күн сайын кәсіпкерлік нысандарында карантиндік режим мен санитарлық талаптардың сақталуын тексереді.



«Жыл басынан бері 3664 нысан тексерілді, 256 заң бұзушылық анықталды, 19,1 миллион теңгеге 175 хаттама жасалды», - деді Азамат Қалдыбеков.



Аудан әкімі алматылықтарды өз денсаулығы мен басқалардың амандығын қорғау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Ол мүмкіндігінше үйде болуды, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды, әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтауды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #Қалдыбеков #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика