Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданындағы өзекті мәселе – жол инфрақұрылы...

Алатау ауданындағы өзекті мәселе – жол инфрақұрылымын дамыту

Әлеумет 18.07.2022, 03:42 967
Алатау ауданындағы өзекті мәселе – жол инфрақұрылымын дамыту
Сурет: Inform.kz

Биылғы қарашада жеті шағынауданда ұзындығы 53 км астам 47 көшедегі жолдарды орташа жөндеу аяқталады.


Сондай-ақ, Момышұлы көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріне 4 бағдаршам орнатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Алатау ауданына алғаш барған кезімде, "Шаңырақ-1" шағынауданының тұрғындары орталық Өтемісұлы көшесіне жөндеу жүргізу туралы өтініш білдірген болатын. Тұрғындардың осы өтінішін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі әл-Фараби даңғылын жөндеуге жоспарланған қаражаттың бір бөлігін алды. Бұл қаражаттарды магистралдық маңызы бар Өтемісұлы көшесін (3,9 км) орташа жөндеуге бағыттау туралы шешім қабылдады. Жұмыстар басталып та кетті, оны биыл қыркүйекте аяқтаймыз деп отырмыз», деді бүгін аудан тұрғындарымен кездескен мегаполис басшысы.



Сондай-ақ, Райымбек даңғылында (Саин көшесінен бастап Жуалы көшесіне дейін 4,6 км) орташа жөндеу жұмыстарын басталды. Тамыз айында Рысқұлов даңғылындағы (Кудерин көшесінен бастап Немирович-Данченко көшесіне дейін 1,7 км) асфальт төсемін  ауыстыруды басталады. Бұл учаскелер осы жылдың қараша айына дейін толығымен аяқталады.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында жеті шағынауданда ұзындығы 53 км астам 47 көшедегі жолдарды орташа жөндеу аяқталады. Олар "Ақбұлақ" (14,7 км), "Дархан" (5,4 км), "Саялы" (1,7 км), "Ұлжан" (2,3 км), "Өжет" (1,1 км), "Көк-Қайнар" (1,2 км), 14-ші аумақта (15,5 км) орналасқан.


Осы жыл қарашаның ортасына дейін "Алғабас" шағынауданында ұзындығы 10 км жаңа жол құрылысын аяқтау жоспарда. "Шаңырақ-1" және "Шапағат" шағынаудандарында орталық сумен жабдықтау және канализация желілері төселгеннен кейін 32 км дейін жаңа жол салынады.



«Құрметті тұрғындар, шағынаудандарда жолдарды салу сумен жабдықтау және канализация желілері бойынша құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін салынатынын тағы да еске салғым келеді. Өткен кездесуде тұрғындар "Алғабас" шағынауданы мен Мөңке би көшесіне тиісті жол белгілерін орнатып, жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыруға қатысты өз өтініштерін білдірген болатын. Бүгінде бұл жұмыстар орындалды», - деп есеп берді тұрғындарға Ерболат Досаев.



Сондай-ақ, Момышұлы көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріне 4 бағдаршам орнатылып жатыр. Жұмыстар осы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады.



"Шапағат" шағынауданында тұрғындардың жайлылығы үшін және «Строй сити» құрылыс кешенінің жанындағы заңсыз автокөлік тұрақтарын жою мақсатында тротуарлар салдық. Бүгінде "Өжет" шағынауданындағы барлық тұйық және тар көшелердегі жөндеу жұмыстары аяқталды. "Теректі" шағынауданындағы Жағалтай көшесіндегі жолдарды осы жылдың қараша айының соңына дейін жөндеп бітіреміз», - деп атап өтті қала әкімі халықпен кездесуде. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Досаев #кездесу #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика